Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш қонақтары

03 мам 2013, Жұма
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ғарыш қонақтары
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беріп, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту. Өз еріктерімен ғажайып сурет салғызу.

Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбері
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Сәуір айында қандай мейрам бар?
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңыздар. Сәлем саған жер – ана!
Сәлем саған нұрлы күн
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық!

Балалардың іс – әрекеті.
- Көктем
- 3 ай бар
- Ғарышкерлер күні
- ғарышкер
- Айға ұшып, айға сапар шеккен адамдарды ғарышкерлер дейміз
- Балалар, кәне сендер ғарышкерлерді білесіңдер ме?
Ең алғаш ғарышқа көтерілген Ресей азаматы Ю. А. Гагарин болды
Ең бірінші айға адамдар ұшпас бұрын
Тірі дененің баруы үшін итті ғарышқа ұшырған. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ал Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер 1991жТоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алды. Ғарышта адам дем алатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады.
- ғарыш әлемінің суретін салу

Сергіту сәті

- Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаева
- Айтылғандарды мұқият тыңдап, өздерінің білетіндерін айтады.

- Өз қиялдары бойынша сурет салады.
- Өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды.
- Бүгінгі сабақтан не үйрендік.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
- ( көңіл – күй белгілерін жапсыру.)

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ғарыш әлемі, Қазақтың ғарышкерлерімен танысып, атай білуі.

Игеру керек: Ғарыш әлеміне байланысты жаңа сөздерді меңгерді
Үйрену керек: Ғарышкерлер мен ұшқышты ажырата білуі, зейіні, есте сақтау қабілеті артады. Ғарышкерлер туралы жаңылтпашты жаңылмай айта алады. Ойын шартын түсініп ойнай білді.
10 496
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Мен ғарышкер боламын
Мен ғарышкер боламын
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
12 сәуір – ғарышкерлер күні
12 сәуір – ғарышкерлер күні
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу, көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.
Ғажайып ғарыш
Ғажайып ғарыш
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Ғарыш
Ғарыш
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×