Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі

13 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Сынып: 5
Жаратылыстану
Тақырыбы: Табиғи құбыластардың көп түрлігі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың көп түрлілігі туралы, құбылыс деген не екенін түсіндіре отырып өмірмен байланыстыру арқылы білім дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Сабақты өткен тақырыптар мен байланыстыра отырып, сұрақтар қою арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еліне жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Баяндау, сұрақ - жауап, ойын элементтері
Сабақ әдісі: «Миға шабуыл» әдісі, «Домино» ойыны
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Домино» ойыны
Шарты: берілген сөздерден сөйлем құрау
І топ. Пішінін және, табиғаттағы, өзгеретін, процесс, физикалық құбылыстар -, денелердің, қасиетін.
ІІ топ. Және иісін, яғни бір зат, химиялық құбылыстар -, дене мен, өзгерте алады, екінші затқа, зат түсін, айналады.
ІІІ топ. Болады, табиғатта, физикалық және, барлық денелер, химиялық, заттар, ықпалында, қосылыстардың.
Жауабы:
І топ. Физикалық құбылыстар – табиғаттағы денелердің пішінін және қасиетін өзгертетін процесс.
ІІ топ. Химиялық құбылыстар – дене мен зат түсін және иісін өзгерте алады, яғни бір зат екінші затқа айналады.
ІІІ топ. Табиғатта барлық денелер мен заттар физикалық және химиялық құбылыстардың ықпалында болады.

Жаңа сабақ
“Миға шабуыл” әдісі
1. Физикалық дене дегеніміз не?
2. Зат дегеніміз не?
3. Зат неден тұрады?
4. Үздіксіз қозғалыста болатын не?
5. Диффузия дегеніміз не?
6. Судың қандай күйлері бар?
7. Судың күйлеріне мысал келтіріңдер.
8. Физикалық құбылысқа қандай мысал келтіре аласыңдар?
9. Химиялық құбылысқа қандай мысал келтіре аласыңдар?
10. Жаңбырдың жаууы, найзағайдың ойнауы, желдің тұруы бұл нелер?

Құбылыс дегеніміз табиғатта болатын барлық процесстер
Мысалы, жарық шығару, дыбыс шығару, жауын-шашынның түсуі, кемпірқосақтың шығуы және т. б
Табиғат құбылыстар мынадай топтарға жіктеледі:
1. Метеорологиялық құбылыс – жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температура және ауа қысының өзгеруі.
2. Дыбыстық - аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі.
3. Электро - магниттік – теледидарды көру, шәйнекті тоққа қою.
4. Химиялық құбылыс – мұнай, газ, көмір.
5. Биологиялық құбылыс – тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы.
6. Жылу бөлу – күннің жылу бөлуі, жылуды өткізетін заттар.
7. Жарық – күн сәулесі, электр лампалар, шам немесе алау
3 топ оқушыларына әр түрлі заттар беріледі және олар қандай құбылыстарға жататының анықтайды.
І топ. Ұялы телефон
ІІ топ. Балауыз шамы
ІІІ топ. Қалам мен қағаз

Сабақты бекіту
Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер. ( Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
Қуып едім - мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім - қолға тұрмады. (Боран)

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (Ай)

Бағалау.
Үйге тапсырма §35, жұмыс дәптерін толтырып келу.
28 756
0
  • 60
4 дауыс


Жаңалықтар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Оқушылар: - «физикалық құбылыс» түсінігін біледі; - «химиялық құбылыс» түсінігін біледі;
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және хим. құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту. Тәжірибе арқылы білім берін толықтырып, өмірмен ұштастыру. Құбылыстарды ажырата біледі. Өмірмен байланыстыра алады.
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер. Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Табиғи құбылыстар
Табиғи құбылыстар
Дыбыстық құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір - бірімен
Физикалық және химиялық құбылыстар
Физикалық және химиялық құбылыстар
Семей қаласы, №36 жалпы орта білім беретін мектеп химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы
Денелер, заттар, құбылыстар
Денелер, заттар, құбылыстар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×