Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайы.

15 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: География
Сынып:11
Тақырыбы: §35 Американың жоғары дамыған елдері. Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктерін ашу; мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Американың жоғары дамыған елдерінің, оның ішінде АҚШ-тың табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық - географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту-әдістері:
Сабақтың жоспары:
І – ұйымдастыру
ІІ – жаңа тақырыпты меңгеру
ІІІ – білім мен икемділіктерін бекіту
ІV – үйге тапсырма беру
V – бағалау кезеңі
VІ – қорытынды
Сабақ барысы:
Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
ІІ– АҚШ-тың экономикалық - географиялық
жағдайының басты ерекшеліктері туралы;
АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетуі.
Мемлекет тарихы туралы оқулық материалдарынан мәліметтер келтіруі керек.
Әлемдегі АҚШ-тың геосаяси жағдайының рөлі туралы ұйымдастыру.
«Дидактикалық материалдардағы» сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Халқы және елдері.
Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450млн-ға жетті. Материктің байырғы халқы монғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар Азиядан Солтүстік Америкаға шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Беринг құрлығы арқылы қоныс аударған.
“Америка үндістері ” деген атаудың өзі Х.Колумбтың тарихи қатесімен байланысты пайда болды. Материктің солтүстігін мекендеген үндіс тайпалары(алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр және т.б) еуропалықтар келместен бұрын аң және балық аулаумен , жабайы жемістерді терумен айналысып, күнелткен.Ал Оңтүстік Мексикада мекендеген үндістердің ацтек, майя тайпалары маис (жүгері), картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Оларда қолөнер мен егіншілік өте жақсы дамыған. Еуропалықтар келгенге дейін бұл тайпалар Юкатан түбегі мен қазіргі Мексика жерінде жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттер құрған.

Географиялық жағдайы
АҚШ – Батыс шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада: Солтүстікте Канадамен, Оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Батысында Тынық мұқитымен, Шығысында Атлант мұхитымен шайылады.Оның 50 штатпен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан федералдық Колумбия округінен федерациялық республика. 48 штат шоғырлана орналасқан. Ал Аляска мен Гавай негізгі аумақтан бөлек орналасқан.
Мемлекеттік құрылымы
Мемлекеттік құрылымы - АҚШ федерациялық конституциялық ел. Мемлекет басшысы Президент. Президент бас әскери қолбасшысы. Ол заң жобасын жою құқығына ие болады. АҚШ үкіметі 3 – тармаққа бөлінеді:
1. Заң шығарушы
2. Атқарушы
3. Сот
АҚШ - та 2 бас партия бар:
1. Демократиялық партия - 1824 жылы құрылған.
2. Республикалық партия - 1854 жылы құрылған

ХАЛҚЫ:
АҚШ– халқының жалпы саны (290 млн. адам) жағынан дүние жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алады. АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14,2%), өлу коэффиценті 8,6%, яғни халықтың орташа жылдық өсуі 5,6% тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 75 жас, әйелдерде 80 жас. Нәсілдік ұлттық құрамы жөнінен АҚШ көп ұлтты ел. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай 3 топқа ажыратылады:
1.Еуропалықтар
2.Африкалықтар
3.Азиялықтар
Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған 1 км жерге 28 адамнан келеді. Урбандалу деңгейі жоғары, халықтың 4-тен 3-і қалада тұрады. Қазіргі кезде АҚШ-та 3 ірі мегаполис бар.
Мәдениеті:
Халықтың діни құрамы алуан түрлі, халықтың көпшілігі христиан дінінің әр түрлі бағытта-рын ұстанған өкілдері құрайды. АҚШ ғалымдарының дүние жүзіндегі ғылыммен техниканың дамуына зор үлес қосқан АҚШ-тағы Гарвард, Бостонда 1636 жылы негізі қаланған және Колумбия, Нью-Йорк 1754 жылы қаланған осы университеттердің тек қана америкалықтар ғана емес басқа елдерден келген студенттер де білім алады.АҚШ-тағы конгресс кітапханасы және Гарвард университетінің кітапханасы әлемдегі ең бай кітапханалар.
Шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы:
Ауыл шаруашылығында сүтті, етті, ірі қара өсіру, шошқа, бройлер шаруашылығы. АҚШ аумағында мал шаруашылығы өнімінің 40 % береді. Табиғат жағдайының ерекшелігі мен дақылдардың өнімділігіне байланысты.

Мал шаруашылығы:
Негізгі бағыттары сүтті, етті ірі қара өсіру, шошқа, бройлер шаруашылығы. АҚШ аумағында мал шаруашылығына маманданған аудандар да айқын ажыратылды: Ұлы көлдер маңы мен солтүстік шығыстағы байырғы штаттарда “Сүт белдеуі”, ал Ұлы жазықтардың оңтүстігі мен батыстағы таулы штаттарда “Мол шаруашылық белдеуі орналасқан.

Балық шаруашылығы:
Аляска балық аулау , аң терісі кәсіпшілігі-мен және орман шар-уашылығымен белгілі
Көлік қатынасы:
АҚШ-та көліктің барлық түрі бар. Алғашқы трансконтиненттік теміржолдар Нью-Йорк 1869 жылы ұзындығы 4246 км. Вашингтон, Лос Анджелас 1881 ұз. 4787 км. Нью-Йорк СИЭТЛ 1893 ұз.13560 км . Елдегі ең ірі көлік тораптарының бірі Чикаго қаласы . Мұнда елдің жан – жағынан келетін 30 темір жол түйіседі. Қазіргі кезде АҚШ та автокөлік жөнінен 90 пайызға жетіп отыр.Елдегі ең маңызды порттық кешендер Атлант мұхитымен мен Мексика шығанағы Тынық мұхиты жағалауындағы қолайлы аймақтарда шоғырланған . Жалпы елде 100-ге жуық порт бар.

Сыртқы байланыс:
АҚШ – тың дүниежүзілік нарықтағы бәсекелесі еуропалық елдер, бұл елдермен сыртқы экономикалық қатынастары даму үстінде. АҚШ – тағы ұлтаралық аса ірі Форд” Дженерал моторс” Бойпг Кока-кола т.б. Сонымен қатар АҚШ әлемдік нарыққа тек тауарлар ғана шығарып қоймай, лицензиялар сатумен де айналысады. АҚШ лицензия сату жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады.
АҚШ ақпараттық технологиялар, ғылым мен білім саласында дүние жүзі елдерімен байланыс жасайды. Мысалы, елдегі аса ірі “ВВС”, “СNN” және т.б. телекомпаниялардың хабарларын дүние жүзінің көптеген елдерінде тамашалайды. Соңғы жылдары ғарыштық зерттеулер саласында АҚШ, Ресей, Қазақстан ғалымдары бірлескен ғылыми-зертеу бағдарламалары жүзеге асырылуда. АҚШ – тың Қазақстанда мұнай өндірумен айналысатын “Шеврон”, Шелль”,”Мобиль” компаниялары жұмыс жасайды.
ІІІ Бекіту сұрақтары:
1. Х.Колумб Америка жерін қай ғасырда ашты?
2. АҚШ-ты Батысынан шайып жатқан мұхит?
3. 1607 жылы АҚШ – тың қай штатында алғашқы қоныстар пайда болды?
4. АҚШ халқының орташа тығыздығы қанша адамнан келеді?
5. АҚШ – тағы әлемге әйгілі кинофабрика?)
6. АҚШ – тың мемлекеттік құрылымы?)
7. АҚШ – жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?
8. БҰҰ штаб пәтері орналасқан қала?
9. АҚШ шаруашылығындағы ең жетілген сала?
10.Солтүстік Американың байырғы халқын кімдер құрайды?

1. АҚШ – тағы ең ірі қала?
2. Америка ұлтының қалыптасуына қандай көші-қон әсерін тигізді?
3. Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен?
4. АҚШ үкіметі неше тармаққа бөлінеді?
5. АҚШ 1991 жылы қай елмен соғыс жүргізді?
6. АҚШ 1945 жылы Жапонияның қай қалаларына атом бомбасын тастады?
7. АҚШ – тың ұлттық пұлы?
8. АҚШ – тың қай штатында халық сирек орналасқан?
9. АҚШ – тың әскери базасы аталатын қала?
10.АҚШ – тағы мұнайдың ірі орындарының бірі?

АҚШ жалауындағы ала жолақтар нені білдіреді?
2. “Мұнай химиясының астанасы” деп аталатын қала?
3. Американдықтардың ұлттық спорт түрлерін ата?
4. АҚШ – тағы ірі мегаполистер қалай аталады?
5. Нәсілдік, ұлттық құрамы жөнінен АҚШ қандай ел?
6. Америка халқының 12% қандай нәсіл құрайды?
7. АҚШ – тағы еркектер мен әйелдердің өмір жасының ұзақтығы? 8. 1854 жылы құрылған қандай партияны білесіңдер?
9. Қазіргі кезде байырғы Американдықтарды қалай атаған?
10.АҚШ мемлекеттік тәуелсіздігін қай жылы алды?
ІV Үйге тапсырма беру: §35 Американың жоғары дамыған елдері. Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.

Қызылорда қаласы,
№215 орта мектебінің география пәні мұғалімі, магистрант
Нұрымбаева Ақмарал Сейлбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Канада
Канада
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Молдова Республикасы
Молдова Республикасы
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×