Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлыбритания

05 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Ұлыбритания.
География 11 сынып
Мақсаты. Білімділік: Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік - дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт - дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.
Дамытушылық: Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ - ң басты ерекшеліктеріне, Ұлыбританияның тарихи - географиялық аймақтарының құрамына, мемлекеттік құрылысына, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне, халықтың ұлттық құрамына баға беруді үйрету.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Д. ж. саяси картасы, электронды оқулық,
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау. «Өрмекші торы» Оқушылар ортаға шығып бір - біріне сұрақ қояды.

Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Ұлыбританияның экономикалық жағдайы. Мемлекеттік құрылымы.
2. Табиғаты және табиғат ресурстары.
3. Халқы
4. Қорытынды.
Оқулықпен жұмыс
«Бірін - бірі оқыту» топтық жұмыс
Топқа тақырыпты бөліп беру арқылы бірін - бірі оқыту.
Шарты:
І топқа. Ұлыбританияның географиялық орны және құрамы.
ІІ топқа. Табиғаты және табиғат ресурстары.
ІІІ топқа. Халқы.

Оқушылар жаңа тақырыпты бастамас бұрын қағазға жазылған тапсырманы алып, 3 топқа бөлінеді.
Тақырыпты түсіндіру. Ұлыбритания еліне жалпы шолудан басталады. Атластарын пайдаланып, Ұлыбританияға сипаттама береді.
Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, осы мәселелер бойынша оқулық мәтіні мен атластарын пайдаланып, өз беттерінше талқылаңдар деп тапсырма береді.(Постер қорғау).

1 - топ. Елдің басты ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: - ресми атауы; орналасқан жері; - тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ - ң ерекшеліктері; қолайлығы; - елдің геосаяси жағдайы; - мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; - тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; - елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі.

2 - топ. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарына сипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы.

3 - топ. Халқы туралы: Британ аралдарының байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері, нақты мәліметтер, мысалдар келтіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 192
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Канада
Канада
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Молдова Республикасы
Молдова Республикасы
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Италия
Италия
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі, магистрант Нұрымбаева Ақмарал Сейлбекқызы Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×