Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Молдова Республикасы

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: §54 Молдова. (презентациясымен)
Білімділік мақсаты – Молдованың экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктерін ашу; мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Молдованың жоғары дамыған елдерінің, оның ішінде Молдованың табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық - географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс.
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру ІV кезең – үйге тапсырма беру
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру V кезең – бағалау кезеңі
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту VІ кезең – қорытынды

Сабақ барысы:
Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Жерінің ауданы - 33, 7 мың км2
Халқы - 3, 4 млн адам (2004 ж)
Астанасы - Кишинев.
Мемлекеттік құрылымы - республика
Мемлекет басшысы - президент.
Заң шығарушы органы - парламент.
Мемлекеттік тілі - молдован тілі.
Ұлттық валютасы - молдован лейі.

Табиғаты және табиғат ресурстары. Республика ТМД - ның оңтүстік - батысында, Прут пен Днестр өзендерінің аралығында орналасқан. Ол Украинамен Румыниямен шектеседі.
Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ әрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жылына түсетін жауын - шашын мөлшері аз (солтүстікте - 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм - ге дейін). Сондықтан егістер қолдан суландыруды қажет етеді.

Днестр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылады.

Халқы. Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) құрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестрдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігінде гагауыздар (3, 5%) тұрады. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халықтың саны 100 мың адамға жетті.

Шаруашылығы. Молдова шаруашылығы алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған. Ең ірі шарап - коньяк комбинаттары: Кишинев пен Тираспольде.

Машина жасау - соңғы жылдары қалыптасқандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқындап дамуда.
Ауыл шаруашылығы. Астық (жүгері және қыстық бидай) және техникалық (қант қызылшасы, күнбағыс, эфир майы) дақылдар мен бау - бақша өсіріледі.

Бекіту.
1. Молдованың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?
2. Елдің климатының қолайлылығы мен топырағының құнарлылығы қандай шаруашылық түрін дамытуға болады?
3. Шаруашылығының маманданған салалары қандай?

Үйге тапсырма:
§ 54 Молдова. Халқы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Христоматиядағы Молдова табиғаты жайлы мақаламен танысыңдар.

Бағалау.
Сабақты қорытындылау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Канада
Канада
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайы.
АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайы.
АҚШ-тың экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктерін ашу; мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×