Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы

31 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы.

Мақсаты: Жас мамандардың білім көкжиегін ақпараттық технологиялармен байланыстыра отырып, шығармашылығын дамыту;
Тәуелсіздік Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз өлкесінен басталады.

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей келе Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!
- Армысыздар құрметті бүгінгі сайыстың талапкерлері, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арнап ұйымдастырылып отырған «Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысына қош келіпсіздер!
Тәуелсіздігіміздің туын желбіретіп, өзге елдермен тереземізді теңестіретін ол – білім. Сол білім арқылы егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, бұл ақпараттық технологияларды жан – жақты меңгерген ұстаздардың жемісі.
- ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жас маман және ақпараттық технология» сайысы ұйымдастырылып отыр.

Ендеше бүгін сайысқа түскелі отырған жас мамандарды ортаға шақырайық.
Жәнділов Жасұлан
Өмірлік ұстанымы: Еңбек - бәрін де жеңбек
Алдажаров Бақытжан
Өмірлік ұстанымы: Желге жүрсең ғана , жеңіс туы желбірейді
Баймағанбетова Жанар
Өмірлік ұстанымы: Еңкейгенге еңкей - ол әкеңнің құны емес
Шалқайғанға шалқай - ол құдайдың ұлы емес
Әділбай Бақыткүл
Өмірлік ұстанымы: Білімдінің күні жарық
Әжімбетов Жақсыкелді
Өмірлік ұстанымы: Оқы, оқы, тек оқы
Ахметова Мархаббат
Өмірлік ұстанымы: Ең биік ту – намыс туы
Қара қылды қақ жарып бүгінгі сайыстың әділ шешімін беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1. Мектеп директоры – Сейсенов Ғалымбек
2. Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары – Ержанова Сарқыт
3. Информатика пәнінің мұғалімі – Балманова Гүлназ
Бағдарламада:
Электронды портфолио.
Microsoft еxcel
Power point
Microsoft word
Өз өнерін көрсету.
Мұғалім портфолиосы.

2.Білгенге: Білім байлық – бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай – деп Омар Шораяқұлы жырлағандай білгенін ортаға салар кез келген тәрізді. Ендеше, келесі бөліміміз - Microsoft еxcel.
Microsoft еxcel – электрондық кестемен жұмыс жасау программасы. Бұл бөлімде әр жас маман қолына берілген тапсырма бойынша Еxcel – де диаграмма құруы қажет. Диаграмма таңдау ерікті.

3.Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс бар – дағы жең.
Дүниеде барлығыңды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен! – деген жолдарынан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың адамзат баласына , яғни жастарға үлкен бір күш пен жігер бере жырлағанын айқын көруге болады.Олай болса, тәуекел етіп, жігеріңді жиып, нағыз тартысқа түсетін сәт - Power paint программасы
Power point – программасы презентациялар мен анимациялар жиынтығы. Мұнда әрбір сайыскер өз қалауынша презентациялар жасау қажет. Уақыт шектеулі 7 мин.

4. Мағжан Жұмабаев:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін - деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді Microsoft word программасы бойынша сайысқа түседі.
Microsoft word – мәтіндік редактор программасы. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерге берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Уақыт шектеулі

Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын ең соңғы шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.

Қорытынды:
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.
11 883
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
Алматы облысы, Сарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Әсел Ануарбекқызы
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Тәуелсіздік көк туын көкке ұста
Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×