Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез

19 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: География
Байқоңыр қаласы,
М. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп
География пәнінің мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна


Тақырыбы: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» (инеллектуальдық ойын)
Мақсаты:
1. білімділік - географиядан алған теориялық білімдерін біліктілікпен ұштастыру, білімдерін тексеру, білімдерін шыңдау.
2. дамытушылық - тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. тәрбиелік - жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, компьютер, медиапроектор, слайд, плакат, шарлар.

Өтілу барысы
Жүргізуші: «Білгенге білім - байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер - білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қорғасындай.
Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білім ал, ол өмірдің жолын ашар»- дей отырып, бүгінгі «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты білім сайысын бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Су да ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.

(Қазыларды таныстыру)
1. Арқабаева Эльмира – әдіскер.
2. Жұмабаева Шарбану – география пәнінің мұғалімі.
3. Қонарова Мира – тарих пәнінің мұғалімі.

Жүргізуші: «Тек сәттілік тілейміз, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?»- дей отырып сайысымызды жалғастырамыз. Алдымен сайыс жоспарымен таныстырайық.
Сайыстың жоспары:
1. Таныстыру (Әр топ өз командаларының атымен, ұранымен, эмблемаларымен таныстырады).
2. Кім тапқыр? (географиялық сұрақтар)
3. Ойлан, тап! (ойын)
4. Ойлы болсаң, озып көр. (географиялық жұмбақтар, мақал - мәтелдер)
1 - кезең
1. Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қаймықпастан сахынаға келіп тұр,
Әдеппенен, ізетпенен танысуға, - дей келе сайысымыздың алғашқы шарты – «Таныстыруды» бастаймыз.
(Әр команда өз топтарын таныстырып өтеді.)
(Бағалау)

2 - кезең
Осынау дүбірімен күй ақтарған,
Бәйгеден озып келу сияқты арман.
Туған ел үшін үміт үзбей қарап отыр,
Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан.
Алдағы бір баратын бағыт анық,
Сәйгүлік екеніңді тағы таныт.
Бәйгеде аттың басын тартпас болар,
Ал енді тізгініңді ағыталық.»- дей отырып 2 - кезең «Кім тапқыр?» сайысын бастаймыз.
Бұл айналымда әрбір команда сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруі керек. Егер сұраққа команда мүшелері жауап бере алмай қалса, басқа командалар (біріші болып қол көтергені) жауап бере алады. Ұпай саны жауап берген командаға есептеледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпаймен есептеледі.

9 «а» сыныбы «Жас толқын» тобына:
1. Ең ыстық материк? ( Африка. )
2. Ең ұзын параллель? (Экватор.)
3. Ең саны көп халық? (Қытай.)
4. Ең ұзын бұғаз? (Мозамбик.)
5. Ең терең шұңғыма? (Мариан 11022м.)
6. Ең биік шың қай тауда, қалай аталады, биіктігі қанша? (Гималайда, Эверест немесе Джамолунгма, 8848м).
7. Ең үлкен шығанақ? (Бенгаль)
8. Ең жарық ғаламшар? (Шолпан)

9 «Ә»сыныбы «Ақ - Орда» тобына:
1. Ең құрғақ материк? (Аустралия)
2. О - дік меридиан қай қаланың үстінен өтеді? (Лондон)
3. Ең көп таралған тіл? (Ағылшын)
4. Ең кең бұғаз? (Дрейк)
5. Ең үлкен су асты жотасы? (Орталық Атлант)
6. Ең ұзын өзен? (Ніл)
7. Оңтүстік Американың ең биік шыңы, биіктігі? (Аконкагуа)
8. Ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)

9 «Б»сыныбы «Хан - Тәңірі» тобына:
1. Ең ылғалды материк? (Оңтүстік Америка)
2. Ең үлкен ойпат? (Амазонка)
3. Ең көп таралған дін? (Хрестиан)
4. Ең үлкен түбек? (Арабия)
5. Ең үлкен жылы ағыс? (Гольфстрим)
6. Солтүстік Америкадағы ең биік шың, биіктігі? (Мак - Кинли, 6194м)
7. Ең суы мол өзен? (Амазонка)
8. Қай ғаламшар жасыл түсті? (Уран)

9 «В» сыныбы «Мұрагер тобына:
1. Ең суық материк? (Антарктида)
2. Жер сілкіну ошағы? (Эпицентр)
3. Ең көп ұлтты ел? (Үндістан)
4. Ең үлкен арал? (Гренландия)
5. Ең үлкен суық ағыс? (Батыс желдер)
6. Африка ең биік шыңы, биіктігі? (Килиманджаро, 5895м)
7. Ең терең көл? (Байкал, 1620м)
8. Ең алыс ғаламшар? (Плутон)

9 «Г» сыныбы «Бәйтерек» тобына:
1. Ең кіші материк? (Аустралия)
2. Ең тұзды Теңіз? ( Қызыл теңіз)
3. Тропиктерден экваторға қарай соғатын тұрақты жел? (Пассат)
4. Мәңгі қала? (Рим)
5. Ең үлкен ел? (Ресей)
6. Аустралияның ең биік нүктесі? (Косцюшко, 2228м)
7. Дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау? (Охос - дель - Саладо)
8. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі? (Флинт - Мамонт, Аппалач тауында)

9 «Д» сыныбы «Эверест» тобына:
1. Ең жасыл материк? (Оңтүстік Америка.)
2. Ең үлкен материк? (Еуразия)
3. Ең үлкен көл? (Каспий теңізі)
4. Жер шарындағы ең ойыс жер? (Өлі теңіз, - 403м)
5. Құрылықтағы ең ірі жануар? (Африка пілі салмағы 7, 5 тонна)
6. Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі ең терең каньон? (Колорадо каньоны)
7. Дүние жүзіндегі ең үлкен қала? (Мехико)
8. Жер шарындағы ең үлкен шөл? (Сахара)
8. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы? (Аляскадағы Хабборт мұздығы)
Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар алқасы «Кім тапқыр» кезеңін бағалап жіберсек.
3 - кезең
«Ойын толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.» - дегендей 3 - кезең «Ойлан, тап!» ойынын бастаймыз. Ойын шарты экраннан «Әлемнің кереметтері», «Қорық» суреттері көрсетіліп қысқаша мағұлматтар беріледі, әр топ олардың атын қай жерде орналасқанын айтуы керек.

«Жас толқын» тобына (9 а):
1. Бұл мүсін осы елдің символы және атақты ескерткіші болып табылады. Мүсін өте үлкен, бірнеше бөліктен тұрады, оның бір қолының ұзындығы 2 метр 40 см. Мүсінді бұдан 100 жыл бұрын Парижде жасаған. Одан оны мұхит су жолы арқылы осы елге Франция халқы атынан сыйлық ретінде алып келген. Мүсін қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: АҚШ - тың Нью - Йорк қаласында орналасқан, «Бостандық мүсіні» деп аталады.)

«Ақ - Орда» тобына (9 ә):

2. Бұл пирамидалар қатар - қатар тізілген төбесі сүйір сарғылт түсті жасанды таулар секілді. Бұл пирамидалар осы ел патшаларының табытханасы болып табылады. Пирамидалар қасында жартастан қашап жасалған денесі арыстан, басы адам бейнесіндегі тас мүсін бар. Ол сенім бойынша «Патшаны күзетіп тұр» мыс. Пирамидалар « Перғаун құдайы – мәңгілік» деген идеяны танытады. Олардың ішіндегі ең алыбы – осы пирамида. Оның биіктігі 447 метр. Бұл пирамидалар ежелгі патшалық дәуіріндегі сәулет өнерінің ең үздігі. Әлемнің жеті кереметінің біріне жатады. Пирамида қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: Египет астанасы Каирде орналасқан, Хиопс пирамидасы.)

«Хан - Тәңірі тобына (9 б)
3. Әлемдегі ең әсем мұражай. Оны осы ел билеушісі сұлтан – Шах - Джахан өте сұлу әйелі Мумтаз - Махалдың құрметіне, табытхана ретінде, 1630 - 1652 жылдары 22жыл бойы, 20 мың ұстаны жалдап, ақ мрамрдан салдырған. (Жауабы: Үндістанның, Агра қаласындағы Таж - Махал мұражайы.)

«Мұрагер» тобына (9 в)
4. Бұл қорған 3 - 4 ғасырларда осы елдің солтүстігін жау шапқыншылығы - нан қорғау мақсатында салынған. (Жауабы: Қытайдағы «Ұлы Қытай қорғаны.)

«Бәйтерек» тобына (9 г)
5. Құрылыс тас кесек, кірпіш және бетон қоспаларынан салынған. Амфитеатр гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау мақсатында тұрғызылған. Ортада ойын көрсететін алаңы, айнала сатылап жоғарлай беретін 4 қабатты орындықтары болған. Отыратын орындар мәрмәр тастармен көмкеріліп, қасбеттері түрлі мүсіндермен көмкерілген. Бұл құрылыс қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: Италияның Рим қаласындағы, Колизея амфитеатры)

«Эверест» тобына
6. Бұл мүсін Корковаду тауында, 704метр биіктікте орналасқан. Мүсін осы қаланы өзінің құшағына алып, қауіптен, қатерден қорғап тұрғандай. Мүсін Парижде суыққа, жаңбырға, желге төзімді етіп жасалған. 1931 жылы 12 қазанда ашылу салтанаты болған. Мүсін қай елде, қай қалада орналасқан, қалай аталады? (Жауабы: Бразилияның Рио - да - Жанейро қаласындағы Исус - Христос мүсіні.)

«Жас толқын» тобына
1. 1927 ж құрылды. Бұл қорық Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85, 4 мың га - дан астам жерді алып жатыр. Бұл қай қорық. ( Ақсу - Жабағылы)

«Ақ - Орда» тобына
2. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447м биіктіктегі Азутау жотасы аралығында орналасқан. Бұл қай қорық? ( Марқакөл)

«Хан - Тәңірі» тобына
3. 1992 ж құрылған қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің Қазақстандық бөлігінің солт - батыс жағын, Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды. Бұл қай қорық? ( Батыс Алтай қорығы)

«Мұрагер» тобына
4. 1984 ж Маңғыстау облысында «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен құстарды сақтап қалу үшін құрылған қорық. Бұл қай қорық? ( Үстірт)


«Бәйтерек» тобына
5. 1968 ж Ақмола облысының тың даласының, сондай - ақ Қорғалжын және Теңіз көлдері аумағындағы жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған қорық. Бұл қай қорық? (Қорғалжын)

«Эверест» тобына
6. 1998 ж Алматы облысындағы Алакөл жүйесіне енетін көлдерде мекендейтін су құстарын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында ұйымдастырылған қорық. Бұл қай қорық? (Алакөл қорығы.)

4 - кезең.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді,
Жеңістің мынау шыңына, дей отырып сайысымыздың 4 - айналымы «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты бойынша әр командаға мақал айтылады, оның жалғасын табу керек және жұмбақ қойылады, жұмбақты шешу керек

«Жас толқын» тобына
Мақал - мәтел
1. Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
Жұмбақ:
1. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)

«Ақ - Орда» тобына
Мақал - мәтел
2. Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
Жұмбақ:
2. Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

«Хан - Тәңірі» тобына
Мақал - мәтел
3. Сағынған елін аңсайды,
Сарала қаз көлін аңсайды.
Жұмбақ
3. Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ - сылқ күледі. (су)

«Мұрагер» тобына
Мақал - мәтел
4. Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Жұмбақ:
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (ауа)

«Бәйтерек» тобына
Мақал - мәтел
5. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Жұмбақ
5. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)

«Эверест» тобына
Мақал - мәтел
6. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
Жұмбақ
6. Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)

Жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік,- дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың, мың рахмет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез (сын есімнен өткенді қайталау)
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балаларды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×