Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрлық сулары

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: §13 Құрлық сулары. (10 - сынып)
Презентациясымен
Білімділік: Өзендер. Көлдер. Мұздықтар. Жер асты сулары туралы білім беру. құрлық сулары түрлері бойынша орналасу және даму көрсеткіштерін сипаттау.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең - ұйымдастыру.
2-кезең - үй тапсырмасын сұрау.
3-кезең - жаңа тақырыпты меңгерту.
4 кезең - бекіту.
5 кезең - үйге тапсырма беру.
6 кезең - қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы сұрау.

1. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
2. Мұхит суының қасиеттері.
3. Мұхит суының қозғалыстары.

Жаңа сабақ.
Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар ен батпақтар, жер асты сулары, жасанды су көздері (бөгендер, каналдар, тоғандар) жатады.

Өзендер. Дүние жүзі өзендері арасында алабы үлкен өзен Амазонка болып табылады, оның су жинау алабы - 7 млн км. Су шығыны деп өзеннің су қимасынан белгілі бір уақыт бірлігі ішінде ағып өтетін су мөлшерін атайды.

Көлдер. Ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуына байланысты тектоникалық, мұздық, мұздық - тектоникалық, қалдық (реликт), карсты, жанартаулық т. б. болып бөлінеді. Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі шығу тегі жағынан тектоникалық көл болып табылады.

Қырғызстандағы Ыстықкөл, Қазақстан жеріндегі Зайсан, Марқакөл, Шығыс Африка көлдері шығу тегі жағынан тектоникалық көлдер болып табылады.

Мұздықтар. Мұздық деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабатын атайды. Аляскадағы Хабборт мұздығының ұзындығы 145 км - ге жетеді.

Жер асты сулары. Дүние жүзіндегі қалаларда 70 %- дан астамы сумен жер асты суы есебінен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарында жер асты суы көп пайдаланатын аудандарда грунт суының деңгейі төмендеп, оның ластануы байқалуда.

1 - кезең Сұраққа жауап беру.

1. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы?
2. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
3. Жазықтарда өзен торлары оңтүстіктен солтүстікке қарай арта ма, кеми ме?
4. Қазақстанның ең ірі өзені?
5. Қар – мұздық типімен қандай аймақтың өзендері қоректенеді?
6. Өзеннің су қимасымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін не дейміз?
7. Ертіс – Қарағанды каналын не мақсатта салды?
8. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
9. Қазақстанның су энергетикалық ресурстарға бай өзені?
10. Қарағанды облысы өзендерін ата?

2 - кезең “Тірек сызба”
Көл қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай түрлері бар?
Көл ағысына қарай қандай түрге бөлінеді?
3 - кезең “Әр материкке тән өзен аттарын жазып шығу”
Солтүстік Америка
Оңтүстік Америка

4 – кезең кроссворд
Гидросфера.
1. Өзенде плотина салу арқылы жасалған су қоймасы
2. Материктерді қоршаған су айдыны
3. Құрлықтың бір бөлігін жауып жатқан мұз массасы
4. Өзен арнасында пайда болған тік жартастан судың құлай ағуы
5. Қатты жыныстардан пайда болған өзен арнасының тастақты учаскесі
6. Аса күшті жаңбырдан, қар еруінен су деңгейінің көтерілуі
7. Памир тауындағы ең үлкен мұздық
8. Мұхиттың бір бөлігі
9. Барлық жағынан сумен қоршалған құрлықтың шағын учаскесі
10. Мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа кіріп жатқан бөлігі

5 – кезең “ Кім жүйрік”
Мақал - мәтел
Судың кепкені - тіршіліктің кеткені.
Сулы жер - нулы жер.
Суды лайлама - балығын шошытасың.
Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке.
Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.
Суы бар жерде өмір бар.

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды:
1. Құрлық суларының қандай түрлері бар? Олардың су айналымындағы маңызы қандай?
2. Өзен жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
3. «Өзендер - климаттың өнімі» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Көлдерді шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөледі?
5. Мұздықтар қалай пайда болады? Олардың қандай түрлері бар?
6. Мұздықтардың қандай маңызы бар? Оларды пайдаланудың қандай жолдарын ұсына аласыңдар?
7. Жер асты сулары қандай топтарға бөлінеді? Олардың шаруашылық маңызы қандай?

Үйге тапсырма: §12 - 13 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
Өз қалауың бойынша белгілі бір өзеннің сағасын, ағыс бағыты, ұзындығы мен тереңдігін, бастауын анықтау.

Жұмыс дәптері.

Өзендер ---- Бастауы --- Қайда құяды -- Салалары -- Ұзындығы --- Қоректенуі -- Таситын уақыты
Ертіс
Солтүстік
мұзды
мұхит
Алабы
Есіл
Жайық
Ембі
Сырдария
Шу
Іле

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
41 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
География пәні мұғалімі Акжигитов Ерхан Камбарович
Еуразияның ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Судың құрамы
Судың құрамы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1орта мектебінің география пәні мұғалімі Абильдаева Жанаргул
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна
Дүниежүзілік мұхит және оның оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның оның бөліктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы Благодар орта мектебінің география пәні мұғалімі Тактасынова Сауле Нуриновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×