Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Судың құрамы

31 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың оқыту мақсаты: табиғаттағы су түрлері, таралуы, су айналым жөнінде түсінік қалыптастыру. Дүние жүзі мұхиттары туралы түсінік қалыптастырып, оларды картадан таба білуге және оларды бірі - бірімен салыстыруға дағдыландыру
Сабақтың оқу жабдығы: 6 с. Атласы
Үй тапсырмасын сұрау - карточкалар
1. құрлық үстінде түскен су қандай өзгеріске ұшырайды?
2. қандай жолмен су мұхитқа немесе теңізге қайта оралады?
3. не үшін құрлық бетіндегі су айналымға түскеннен кейін тұщы болады?
4. су айналымының табиғатқа тигізер қандай пайдасы бар?
5. көктем айында қар тегіс жерде ме, я болмаса орманды жерде тез ери ме? Не себепті?
6. не себепті өзендер ұдай ағып жатады: неге ол таусылып қалмайды? өзендерді толықтырып отыратын су қайдан келеді?
7. теңізге жан - жағынан көптеген өзендер келіп құяды. Не себепті теңіз суы көтеріліп, құрлықты су басып кетпейді?
табиғаттағы су айналымы схемасын сыз
Жаңа тақырып:
Судың құрамы Н О = Н2О

Судың қасиеттері
1. Су – түссіз, мөлдір, иісі – дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.
2. Табиғи және жасанды жолмен үш күйге ауыса береді. (темп. байланысты)
3. Су қызғында және қатқанда көлемін ұлғайтады
4. Су бір күйден екінші күйге ауысқанда салмағы азайып - көбейеді мыс. Мұздың салмағы судан жеңіл болғандықтан бетінде қалқып жүреді.
5. Су – еріткіш. Адам денесінің 65%- ын су құрайды.
Судың үш күйге ауыса алатын қасиетіне байланысты табиғатта су айналым үнемі жүреді.
Су буға айналады ---- су буынан бұлттар пайда болады ----- бұлттағы су булары суынғанда (конденсацияланғанда) ауырлап жерге жаңбыр, қар күйінде түседі --- жаңбыр сулары өзенге қосылады --- өзендер теңіздерге құяды.

Гидросфераның құрамдас бөліктері: ең көп су – мұхиттарда (1322 000 000кмкуб), сосын - мұздар мен мұздықтар (29 200 000км куб), келесі жер асты су (8 637 000кмкуб), кейін - өзен, көлдер (230 250кмкуб), ең соңында - су булары (13 000км куб)

Мұхит, өзен, көл, жер асты, батпақ сулары және мұздықтар мен атмосферадағы су булары – жердің су қабығы гидросфераны құрайды. Судың негізгі қоры (97%) мұхит және теңіз сулары. Олар бірігіп Дүние жүзі мұхитты қалыптастырады. олардың суы кермек дәм татып ішуге жарамайды. 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады (ас және магний тұздары) - ол промиле деп аталады. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Ішуге жарамды суда тұздылық мөлшері 1 грамнан аз болуы керек.
Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан д. а.
Қазіргі кезде су тазалайтын қондырғылар қолданады, болашақта мұздықтарды игеру көзделуде.
Мұхитты қорғау төгілген мұнайды сорады

Бекіту: карточка №1
1. құрлық үстінде түскен су қандай өзгеріске ұшырайды?
2. көктем айында қар тегіс жерде ме, я болмаса орманды жерде тез ери ме? Не себепті?
карточка №2
1. қандай жолмен су мұхитқа немесе теңізге қайта оралады?
2. не үшін құрлық бетіндегі су айналымға түскеннен кейін тұщы болады?
карточка №3
1. су айналымының табиғатқа тигізер қандай пайдасы бар?
2. не себепті өзендер ұдай ағып жатады: неге ол таусылып қалмайды? өзендерді толықтырып отыратын су қайдан келеді?
карточка №4
1. теңізге жан - жағынан көптеген өзендер келіп құяды. Не себепті теңіз суы көтеріліп, құрлықты су басып кетпейді?
2. тұщы су өте аз және бұлар ластануда. Болашақта бұл мәселені қалай шешуге болады?
Үйге тапсырма:
5 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит туралы түсінік бере отыра тақырыпты меңгерту, «материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру.
Гидросфера және оның негізгі құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері
Гидросфера және оның негізгі құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері
Жердің су қабығының маңызы, гидросфераның негізгі компоненттері жөнінде толық мәлімет беру. Суды ластамауға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық карталарға мән беріп қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан - жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.
Өзендер
Өзендер
Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Гидросфера. Жердің су қабығы
Гидросфера. Жердің су қабығы
Жезқазған қаласы №1 орта мектебі география пәнінің мұғалімі Абильдаева Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×