Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы

10 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Тараз қазасы, №10 мектептің тарих мұғалімі
Ақжігітқызы Айша

Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ хандығының құрылуы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады.
ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.
ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер.
«Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан - ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің елі - міз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады.
Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі», – деп атап көрсетті.
Бұл ел тарихын зерттеуші ғалымдар үшін, сондай - ақ, жалпы қоғамның тарихи танымы үшін де маңызы зор тұжырым. Ұлт тарихының іргелі кезеңіне қалам тартқан көрнекті жазушы Ілияс Есенберлин: «Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады», – деген пікір айтқан. Қазақ елінің тарихында Қазақ хандығы дәуірінің алатын орны ерекше маңызды. Ал Қазақ хандығының тарихында әрбір тұлғаның, әрбір оқиғаның, әрбір датаның өзіндік орны бар. Солардың ішінде хандықтың құрылуының орны ерекше. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үзілмей, үздіксіз жүріп келген этникалық процестер ХІV - ХV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағы мен оған көршілес аймақтардағы саяси құрылымдар дамуының заңды қорытындысы болып есептеледі.
Қазақ хандығының құрылуының аса зор маңызды жағына оның этникалық дамуды жаңа сатыға көтеруі, оны бір деңгейден екінші бір деңгейге жеткізуі жатады. Этникалық үрдіс пен саяси даму барысы бір арнада тоғысып, жаңа сипаттағы мемлекетті дүниеге әкеледі. Қазақ хандығының туы алғаш желбірей тігілген Қозыбасының қай жерде орналасқанын анықтау өте маңызды мәселе.
Қозыбасы жайлауын мекендеу Жәнібек пен Керей Сұлтандарға тиімді еді. Таяу батысындағы Кіндіктас, қазіргі Қордай жоталары жауға ұрымтал жер болғандықтан, Жәнібек пен Керей бұл ауданды мекендеуге таңдай қоймасы түсінікті.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті: Осы зерттеу
Жұмыстың негізгі мақсаты: Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихы - Қазақ хандығының құрылуы, Қозыбасы – қазақ хандығының алғаш туы тігілген жер туралы,“Қазақ терминінің» қалыптасуын анықтап және тарихи маңызын ашып көрсету. Осы мақсатта алдыма мынадай міндеттер қойдым.
- Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жерінде ХІV - ХVғ. Орын алған әлеуметтік экономикалық саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс екендігін дәлелдеу.
- Хандықтың негізін қалаған хандардың хандық құрудағы рөлін анықтау және олардың тегі туралы айту.
- «Мәңгілік елдің» ұлы тарихында Қазақ терминінің маңыздылығын туралы құнды мәліметтер беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, бір тараудан, үш тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мәңгілік елдің ұлы тарихы – Қазақ мемлекетінің құрылуы.

1. 1 Қазақ хандығының құрылуы.
XV ғасырдың ІІ - жартысында тарих сахнасына жаңа бір саяси құрылым – Қазақ хандығын, алғашқы Қазақ мемлекетін алып келген маңызды оқиғалар тізбегін саралап көрейік.
Тарихи әдебиеттерде «көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталатын Әбілхайыр Хандығы (1428 - 1470ж. ж.) XV ғасырдың 30 - 40 - шы жылдары өз дамуының жоғары шегіне жетеді. 16 - 17 жолынан билікке араласқан шайбанилық Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақтың ру – тайпа көсемдері мен билердің қолдауына сүйене отырып, XV ғасырдың 30 - шы жылдары сондағы хандар мен сұлтандардың қарсылықтарын басады. Сөйтіп Дешті Қыпшақта көшпелі тайпалар негіз болған біртұтас мемлекет құруға ұмытылады. 1446 жылы ол Сырдария өзеннің Орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, «көшпелі өзбектер» мемлекетінің астанасын Батыс Сібірден Түркістан аймағына Сығанақ қаласына көшіреді. [2; 158 б] Сондай - ақ Әбілхайыр хан 1449 - 1451 жылдары Мәуреннахрда қалыптасқан саяси дағдарысты өз пайдасына шешпек болып, таққа таласушы Ақсақ Темір ұрпақтарының бірі Әбу Сайд мырзаны қолдайды да, тікелей әскери көмектің жәрдемімен оны Самарқан тағына отырғызады.
Сөйтіп, Әбілхайыр хан өз хандығының оңтүстігі мен батысындағы мемлекеттердің басына өзіне қолайлы адамдарды қоя отырып, өз мемлекетінің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өзі отырғызған билеушілермен тиімді қатынас орнатады. Жалпы алғанда XV ғасырдың 40 - 50 жылдары «көшпелі өзбектер» мемлекетінің сыртқы саясаты оңтүстікте және батыста белсенді, нәтижелі түрде жүргізіледі.
Жалпы алғанда, Әбілхайыр хандығының ішкі саяси әлсіздігі, әсіресе 1457 жылы қалмақтардың жеңілуі оның мемлекетінің ыдырау процесін тездетеді. Ал ол өз кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп, Моғалстанда жеке хандық құруына қолайлы жағдайлар жасайды.

Толық нұсқасын жүктеу
13 628
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі) Конспект 15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1)
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
7 ТАРАУ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары Конспект 15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығы - ұлт тарихы (эссе)
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×