Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің
тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали

Сaбaқтың тaқырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл».
Сaбaқтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сaбaқтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.
Сaбaқтың жалпы мақсаты: Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету.
Оқушылардың тарихи – танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, өмірде қолдана алу.
Сaбaқтың көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсететін слайд, оқулық, үлестірмелік қима қағаздар, суреттер, карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу

“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды”. (Н. Ә. Назарбаев)

“Керей” тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қaзaқ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жaғдaйынa байланысты болды. Ол мемлекеттер: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
2. Қaзaқ халқының Жәнібек пен Керек бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? XV ғ. о.
3. Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан Моғолстанға көшті? Әбілхайыр хандығынан
4. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті: Моғолстанның батыс аймағына
5. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: Әбілхайыр хандығы
6. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру - тайпалардың алғашқы атауы: «өзбек - қазақтар»
7. XV ғ. 50 - 70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны: 200мың
8. Моғолстан билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді? өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
9. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
10. Қазақ жеріндегі ру - тайпалардың XV ғ. б. басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: ру - тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
11. XV ғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет: Қaзақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру
12. Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? XV ғ. о.
13. Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы: М. Х. Дулати
14. М. Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? 1465 - 1466жж.
15. Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей

“Жәнібек” тобына қойылатын сұрақтар:
1. Жәнібек ханның шын есімі: Әбусаид, халық Әз - Жәнібек деп атаған
2. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы: Шу мен Талас өзендері маңы
3. Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер: Жетісу
4. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер: Қозыбасы
5. Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? Жәнібек пен Керейге
6. XV ғ. с. қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: Созақ, Сығанақ
7. Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? 1465 - 1466жж.
8. 1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан
9. XV ғ. а. Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Мұзаммед Шайбани
10. XV ғ. с. Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін
11. XV ғ. 70 ж Қазақ хандарының басып алған жерлері: Сырдария мен Қаратау өңірі
12. Әбусаид, халық Әз - Жәнібек деп кімді атаған? Жәнібек
13. Жетісу жерінде XV ғ. II ж қандай хандық құрылды? Қазақ хандығы
14. Қай жылы Керей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады? 1470ж
15. Керейдің ұлы: Бұры
9 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Координаталары берілген векторларға амалдар қолдану
Координаталары берілген векторларға амалдар қолдану
Вектор ұғымы және оның қасиеттері, вектордың анықтамасы мен қасиеттерін қолданып есептер шығару.
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
«Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл» сыныптан тыс шара 8 сыныптар
Сабақтың мақсат - міндеттері:  Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету. Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×