Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)

12 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Конспект
15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1) Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан жайылымды пайдалану тәртібін қалпына келтіру. 2) Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату. 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Хандардың Сыр бойындағы қалаларды өзінің экономикалық - әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болған. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды. Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары Қазақ хандығының күш - қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. 15 ғасырдың соңында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің арақатынасы қазақ хандарының басымдылығын танытты. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен таластарды тоқтатты. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады.
Конспект сұрақтар
1. Қазақ хандығының саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан қалалар:
2. Шайбани ханға қарсы шығу үшін Қазақ хандары бірлесті:
3. Шайбани ханның Сыр бойындағы қалаларды басып алған жылы:
4. Шайбани ханмен одақ құрған хандық:
5. 1470 жылы Керей хан шабуылдаған қала:
6. Қазақ хандарының Сырдария бойы мен Қаратау өңірін басып алған уақыты:
7. Дешті Қыпшақ даласын билеудегі басты шарт:
8. Қазақ хандары Әбілқайыр хандығымен не үшін соғыс жүргізді:
9. 1470 жылы Керей хан Түркістанға шабуыл жасайды, ал Жәнібек хан қай қалаға шабуылдайды:
10. 15 ғасырдың 80 жылдары Шайбани хан екінші рет қай қаланы басып алды:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518) Конспект Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474 - 1511 жылдар. 1511 - 1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы Конспект Қыпшақ хандығы 11 ғасырда құрылды. Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері Қыпшақ хандығына көшті. Алтайдан Еділге дейінгі аралық “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп аталған. Қыпшақтардың этникалық
Қасым хан
Қасым хан
Қасым хан туралы және оның жүргізген саясатын, қазақ хандығының нығаюына қосқан зор үлесі туралы оқып - үйрену
Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
Қазақ хандығының ішкі – сыртқы жағдайы
Тарих сахнасына тұңғыш көтерілген Қазақ хандығының іргелі ел болу жолындағы саясаты ел болу жолындағы саясаты, басқа хандықтармен дипломатиялық – саяси байланыстары, елдің ішкі жағдайын тұрақтандырудағы жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×