Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы
Тақырыбы: Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы
Секция: Химия
Мазмұны
1. Кіріспе.
1. 1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
1. 2. Жұмыс мақсаты.
1. 3. Міндеттері.
1. 4 Алға қойған міндеттерге жету жолдары.
1. 5. Қолданылатын әдістер
1. 6 Қолданылатын қор көздері.
2. Негізгі бөлім.
2. 1 Сілекейдің физико - химиялық сипаты, физиологиялық әсері
2. 2 Тіс жегісі дегеніміз не және оның пайда болу белгіларі қандай?
3. Зерттеу бөлімі.
4. Қорытынды.
5. Қолданылған әдебиеттері.
6. Қосымша
1. Кіріспе
1. 1 Тақырыптың өзектілігі.
Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын.
1. 2 Жұмыс мақсаты
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу.
1. 3 Жұмыс міндеттері
1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру.
2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау.
3. Тіс жегісінің пайда болуына әсері ететін ортаның қышқылдық - сілтілік мәндерін анықтау.
4. Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекей құрамының буферлік сиымдылығын индикатор әдісімен анықтау
5. Ауыз қуысының тепе - теңдігінің тамақтан кейін қайта қалпына келу уақыты мен тіс жегісі бар адамдардың уақытымен салыстырып анықтау.
1. 4 Алға қойған міндеттерге жету жолдары
1. Тіс жегісінің мектеп оқушылары арасында қаншалықты таралғандығын анықтау үшін сауалнамалар жүргізу, оның қорытындысын шығару.
2. Әлеуметтік желіні, әдеби оқулықтарды пайдалану арқылы осы берілген тақырып бойынша мағұлматтар жинақтау
3. Тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы сілекей құрамының әсерін қарастыруға мәліметтер жинақтау.
4. Сілекей құрамының рН ортасын анықтау.
5. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасау.
6. «Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы әсері» тақырыбына презентация жасау
2. Негізгі бөлім
2. 1 СІЛЕКЕЙДІҢ ФИЗИКО - ХИМИЯЛЫҚ СИПАТЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Сілекей – ауыз қуысына бөлінетін сілекей бездерінің бөліндісі. Сілекей (лат. saliva) — мөлдір, түссіз сұйықтық. Сілекей ауыз қуысын ылғалдап, дәм сезу мүшелерінің қызметін қамтамасыз етіп, жеген тамақты ылғалдайды. Сонымен бірге, сілекейдің ауыз қуысын тазартып, тісті зақымданудан сақтайтын бактериялық қасиеті бар. Ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен көмірсулардың ыдырауы жүзеге асады. Сілекейдің рН ортасы 5, 6 - дан 7, 6 - ға дейін болады.
Сілекей бездері.
Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері – құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері – ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.
Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.
Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді). Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.
Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Кіші сілекей бездері – барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде – кілегей бездер орналасады.
Сілекейдің бөлінуі – күрделі процесс. Ұсақ сілекей бездері кілегей қабаты ылғалдап, үзіліссіз секрет болып шығарады. Ірі сілекей бездерінен сілекейдің бөлінуі табиғатынан рефлекторлы, тағамның шартты тітіркендіргіштеріне байланысты (түріне, иісіне) және тағам факторлары кілегей қабаттың рецепторларына әсер етіп күшейеді. сілекей бездерінің регуляциясы бас миында орналасқан жүйке орталығымен байланысты. Клиникада науқастарды емдеу кезінде сілекей бөлінуге тән өзгерістер туғызу мүмкіндігі ең маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының авторы: 8 сынып оқушысы Тусппекова Айгерім
Семей қаласының №37 гимназиясы
Жетекші: Шәріпхан Алма Ермекқызы
«Семей қаласының №37 гимназиясы»
химия және биология пәні мұғалімі.
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы жүктеу

Ғылыми жұмыс сілекей ауыз қуысы тіс жегісінің пайда болуы сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы
Жаңалықтар
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Спид не үшін қауіпті?
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу
Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп гимназияның 10 - сынып оқушысы Смагулова Самал Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Тауекелова Сандугаш Рымбековна
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.