Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары

23 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары.
Сабақтың мақсаты: Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
2. Темекінің, ішімдіктің, есірткінің адам организміне әсері қандай?
3. Зиянды әдеттерге байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?
(оқушылардың пікірлерін тыңдау, ойларын толықтыру )

Жаңа сабақ. Ой қозғау.
Ағзаларға ауру туғызатын жұқпалы аурулар бес топқа бөлінеді:
1. Бактериялар, яғни микробтар туғызатын аурулар ( туберкулез, іш өту, өкпе қабынуы, т. б.)
2. Вирустар, бактерияға қарағанда кішкентай микробтар туғызатын аурулар ( сары ауру, құтыру, тұмау, т. б.)
3. Грибок туғызатын аурулар (қышыма, теміреткі(дерматомикоз), аяқтағы грибок, т. б.)
4. Денеде тіршілік ететін ішкі паразиттер тудыратын аурулар ( безгек, іш сүзегі, т. б.)
5. Денеде тіршілік ететін сыртқы паразиттер тудыратын аурулар ( бит, бүрге, қотыр, қышыма, т. б.)

Біз бүгін вирусты «А» гепатитімен танысамыз. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бауыр дегеніміз не? Мұны мына суреттерге қарап, танысамыз.
(Сурет) Бауыр – ең ірі без. Массасы шамамен 1500 грамм. Ол қызыл - қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады, қауіпсіздендіреді. Вирусты гепатиттердің барлығы бірдей тек осы бауырды зақымдайды

Вирусты гепатиттер - жұқпалы аурулар ішінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұның ішінде ең көп тараған түрі - «А» вирусты гепатит. Ол тез жұғады және тез таралатын аурулардың бірі. Ол халық арасында сары ауру деп те аталады. «А» вирусты гепатитті жұқтыратын ауру көзі - гепатитпен ауратын науқас. Вирус тасымалдаушы адаммен тікелей тығыз байланыс кезінде ауруды жұқтыруы мүмкін және ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы, лас қол арқылы, ауыз су арқылы, вируспен ластанған тамақ арқылы және науқас пайдаланған құралдар арқылы жұғады. Шыбындар вирустың тасымалдаушысы болып табылады. Алғашқы белгілері: аурудың жасырын кезеңі 25 - 30 күнге созылады, осы кезең өткен соң науқастың басы ауырып, әлсіздік пайда болады. Жүрегі айнып, құсады, тамаққа тәбеті жоғалады, оң жақ қабырғаның астының ауырсынуы байқалады. Дене қызуы көтеріліп, іш өтуі мүмкін. Кіші және үлкен дәреттің түсінің өзгеруі - гипатитке тән белгілер болып табылады, Көздің, терінің сарғаюы пайда болады. Сары ауру 2 - 4 аптаға созылады. «А» вирусты гепатитке ұқсас ауру белгілері пайда болғанда, өздігінен ем қабылдауға болмайды, бірден дәрігерге қаралу керек. Аурудың негізгі алдын алу шарасы - екпе алу.
Егер ем уақытында басталса, науқастың жылдам сауығып кетеді.

Сабақты пысықтау:
Арнайы берілген фигуралар арқылы сыныпты екі топқа бөлу.
І топ
1. Аурудың алғашқы белгілері.
2. «Жаны сауға - күнде той»
ІІ топ
1Аурудың алғашқы белгілері.
2. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ»
Ситуациялық сұрақ:
Мысалы, ауруханада екі бала гепатит ауруымен ауырды делік. Бір бала ауруынан тез айықты, екіншісінің жағдайы нашарлап кетті. Неліктен?
Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Толықтырылады

Сабақты қорытындылау:
Гепатиттен сақтайтын қатаң ережелер:
• Ашық суқоймасы мен белгісіз су көздерінен су ішпеу
• Жазда өзендерде, көлдерде суға шомылғанда су жұтып қоймау
• Қолды жиі - жиі сабында жуу
• Көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында мұқият жуу
• Шыбындарды үнемі жойып отыру
• Тағамдарды сақтау және дайындау әдістерін қатаң ұстану

П. К. Ивановтың «Қарағым» атты ілімінің 6 - ережесі «Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірегіңе түкірме, жалпы қақырынып - түкірініп, ішіңнен ештеңе шығарма. Осыған әдеттен. Бұл сенің денсаулығың».
Ендеше балалар, ауырмау әрқайсымыздың өз қолымызда екен. Тазалықты сақтап, бір - бірімізге қамқор болып жүрсек, біз бәрін де жеңеміз.
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары жүктеу
3 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға тамақтану мәдениеті, тамақтан улану себептері туралы түсінік беру.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы "№3 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - нің биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самаликова Айман
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×