Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі

26 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Химия
ШҚО Катонқарағай ауданы
«Чернова орта мектебі» КММ
Химия және биология пәнінің мұғалімі
Абильбаева Нургуль Базарбековна

Химия 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі.
Сабақтың мақсаты:
1. Кремний қосылыстарының құрамы және қасиеттері бойынша оқушылардың білімін қорытындылау.
2. Оқушылардың практикалық біліктерін дамыту, сапалық реакция көмегімен заттарды анықтау, адам қызметіне және табиғатта осы заттардың мәндері жөнінде оқушылардың білімдерін кеңейту.
3. Кремнийдің адам өміріндегі пайдасы және оны қорғау.
Қолданылған құрал жабдықтар: электронды оқулық, слайдтар, кеспе қағаздар, стақан, кәрлен табақша, кремнийден жасалған бұйымдар, CaCO3, ас содасы, құм, цемент, сазбалшық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, жеке, топтық жұмыстар.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: география, технология, биология, информатика.
Сабақтың қанатты сөздері: «Әр істің өтуіне үш түрлі шарт керек: ниет ету, күш жұмсау, тәртіп».

Сабақтың өту барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
2. Негізгі бөлім. Сыныпты 3 топқа бөлеміз. Топ басшылары, уақыт үнемдеуші, бағалаушы сайланады. Бағалау парағы таратылады.

1. «Қызығушылықты арттыру»
Оқушылар үйге берілген жаңа сабақты слайдтар арқылы презентация жасап қорғайды.
I топ. Кремнийге жалпы сипаттама. Физикалық, химиялық қасиеті, қолданылуы. Шыны.
II топ. Кремний диоксиді SiO2. Цемент. Физикалық, химиялық қасиеті, қолданылуы.
III топ. Кремний қышқылы. H2SiO3. Қыш(керамика)
Физикалық химиялық қасиеттері, қолданылуы.

2. «Зертте де зерделе»
1) Практикалық бөлім: Әр топтан бір оқушыдан шығып қорғайды.
I топ. 1 оқушы: Шыныны қалай өндіреміз, қалай жасауға болады - практика жүзінде көрсетеді.
II топ. 2 оқушы: Цементті өндірудің қарапайым түрін оқушыларға көрсету.
III топ. 3 оқушы: Қыш(керамика) өндіру, бұйымдардың жасалу түрлері туралы өздерінің технология сабағынан жасалған бұйымдарын көрсетеді.
Топ оқушылары жаңа сабақ бойынша өз түсініктерін қарама - қарсы сұрақтар арқылы тексеріледі. Бағалау парағы арқылы жеке - жеке топтарды бағалайды.
Жаңа сабақтан түсініктерін тексеру мақсатында топтық тапсырмалар орындалады.

1 - тапсырма. «Мағынаны ашу» Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз.
Оқушылар теңдеумен жұмыс жасайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қасиеттері туралы толық мағлұмат ала отырып, олардың алыну әдістері мен қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы жазып, дәлелдей алады.
Кремний. Кремний диоксиді
Кремний. Кремний диоксиді
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремнийдің орналасуын атом құрылысы тұрғысынан сипаттап, оның қасиеттері жайлы білімді дамыту
Химиядан қысқа мерзімді жоспар
Химиядан қысқа мерзімді жоспар
Оқушылардың барлығына 25 минут уақыт ішінде силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаттарымен таныстыру
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Силикат өнеркәсібі
Силикат өнеркәсібі
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Химия пәні мұғалімі Шекербекова Дана
Кремний және оның қосылыстары
Кремний және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Алтынай Ногайкулова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×