Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кремний және оның қосылыстары

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодтық жүйедегі кремнийдің орны, барлық қасиеттерін электрондық оқулық арқылы көрсету, кремнийдің табиғаттағы маңызын, құрылысын, қолданылуын түсіндіру.
Дамытушылық: теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, кремнийдің химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу.
Тәрбиелік: Өз білімдерін бағалап, бірлесіп жұмыс жасауға ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сатылай талдау кешені, тірек - сызба, сұрақ – жауаптар, жұмбақтар және электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта /слайдтар/

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Ой қозғау» кезеңі.
Графикалық диктант Иә - жоқ - деп белгілейді
Мұғалім сөзі:
«2030-дың біз парызымыз,
Жетістікке бастайды әр ісіміз.
Өркениетті елімізді көркейтетін,
Химияны оқу парызымыз»

ІҮ. М. В. Ломоносовтың химия саласына қосқан үлесі.(Мәнжазба)
Оқушылар қосымша материалдар дайындайды.
Қосымша хабарлама

І - оқушы
Кремнийдің ашылу тарихы. Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша тауы - силициум, ол жер қыртысының негізін құрайды. Жер бетіндегі ең негізгі химиялық қосылыс, ол - кәдімгі құм, кремнезем. 1823 жылы Швед химигі И. Я. Берцелиус кремний фторлы калийге калий қосып қыздыру арқылы сол өнімді бөліп алды. Ол жаңа элемент алғанын хабарлап, оны «солиций «деп атады. Қазақша: қатты тас. 1834 жылы академик Г. И. Гесс қысқаша «кремний»деген атауды (грекше» кремнос - жартас. шың, құз»деген мағынада ) ұсынды.

ІІ - оқушы
Кремнийдің табиғатта таралуы. Табиғатта оттегінен кейінгі көп таралған элемент - кремний. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі - 25%. Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде ғана, көптеген силикаттар мен барлық өсімдік (әсіресе қырықбуындылар мен бамбук) құрамында кездеседі. Сондай - ақ тірі организмдер мен кейбір микроорганизмдер денесінде де болады. Адам организмінде де 0, 1 процентке жуық кремний болады, оны әзірге биологиялық рөлі белгісіз.

ІІІ - оқушы
Қолданылуы. Таза кремний көбінесе темір, мыс, алюминий, қорғасын тәрізді әртүрлі құймалар түрінде қолданылады. Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар, триодтар және радиотехникада – қабылдағыш үдеткіштер даярлауда, әртүрлі приборлар жасауға қолданылады. Шыны, цемент т. б. құрылыс материалдары үшін де кремний қосылыстары қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Кремний. Кремний диоксиді
Кремний. Кремний диоксиді
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремнийдің орналасуын атом құрылысы тұрғысынан сипаттап, оның қасиеттері жайлы білімді дамыту
Натрий және оның қосылыстары
Натрий және оның қосылыстары
Натрийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, оның қосылыстармен әрекеттесуі туралы түсініктеме беру; Типтік металл натрийдің қасиеттерін реакция теңдеулерімен жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру;
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру. Теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі
Кремний және оның қосылыстары. Силикат өнеркәсібі
ШҚО Катонқарағай ауданы «Чернова орта мектебі» КММ Химия және биология пәнінің мұғалімі Абильбаева Нургуль Базарбековна
Силикат өнеркәсібі
Силикат өнеркәсібі
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Химия пәні мұғалімі Шекербекова Дана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×