Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі

03 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Химия
Орта мектептегі жаратылыстану - математикалық бағыттағы химия курсының маңызды бөлімінің бірі – химия өндірістерін оқыту. Химия өндірістері туралы берілетін мағлұматтар оқушыларға политехникалық білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдеседі. Осы міндеттер арқылы оқушылар қазіргі заман өндірістеріндегі еңбекті ұйымдастырудың жалпы техникалық негіздерімен танысады, ғылыми – техникалық ой - өрісін дамытып, жобалар мен конструкция жасай білетін білім, білік, дағдымен қаруланып, өндірістік еңбекке үйренеді. «Азот қышқылының өндірісі», «Аммиак өндірісі», «Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі» т. б. химиялық өндірістер тақырыптарын іскерлік – ойындар ұйымдастыру арқылы оқыту жақсы нәтиже береді. Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырылушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім бару тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні: оқушылардың ақыл - ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үрдісіне шығармашылық деңгейді енгізу.

10 - сыныптағы «Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі» тақырыбы өндірістік тақырыптардың бірі, осы сабақты іскерлік – ойын сабағы түрінде өткіздім. Іскерлік – ойын сабағын өткізу 3 кезеңнен тұрады. 1 – кезеңі дайындық кезеңі: 1 апта бұрын класс оқушыларын өз қалауларымен бірін «завод директоры», бірін «экономист», 3 оқушыны өндірістің 3 сатысы бойынша «3 химик - технолог», енді бірін «қоршаған орта мен еңбек қорғау инженері» етіп бөліп, олардың міндеттері мен мақсаттарын белгілеп, нәтижеге жету үшін дайындалуға бірнеше қосымша әдебиеттер ұсындым.
2 – кезеңі ойын сәті: өз кәсібіне даярлығы, белгілі бір мақсатқа жетуі, міндетті орындауы, бұны сабақ үстінде іскер – мамандар жүргізеді.
3 – кезеңі қорытынды. Оқушылардың ізденімпаздығын, іскерлік және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалау. Сабақта күкірт қышқылы өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу, оқушылардың іскерлігін, шығармашылығын, ой - өрісін дамыту, өзіндік ой қорытуға, мақсат қоя білуге және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу міндеттері қойылды.
«Күкірт қышқылын өндіру», «Күкірт қышқылының қолданылуы» сызбаларымен өндіріс орнындағы жұмыс істеу технологияларын интерактивті тақта арқылы көрсету тақырып мазмұнын ашуға кең мүмкіндік берді.

Сабақ барысы:
1) Маман иелерінің орнын белгілеп отырғызу.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбы «Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі». Бұл сабақты күкірт қышқылын өндіру үшін: қажетті шикізат түрлері, технологиялық үрдістері мен оның тиімді, әрі оптималды жүргізілу жағдайларымен химиялық өндірістің маман иелері түсіндіреді. Ендігі кезек сол маман иелеріне беріледі. Бірінші болып сөз алған Завод директоры:
- Күкірт қышқылының тарихына келер болсақ, ХІХ ғ. дейін басқа химиялық өнімдер тәрізді, күкірт қышқылы да фабрикалық әдіспен өндіріліп келді. Ал, күкірт қышқылы ерте кезден – ақ белгілі болған еді. Күкірт қышқылы туралы VIII – IХ ғ. өмір сүрген араб алхимигі Жабир Ибн Хайян өзінің трактатында былай деп жазған еді:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып екіге бөлінеді. Біріншісіне – Күннен алынатын жылу және жарық энергиясы жаңбыр суы, жел энергиясы, өсімдік және жануарлардан алынатын өнімдер жатады.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру. Теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Химия кешені
Химия кешені
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×