Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт қышқылы және оның тұздары

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Химия
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы
Химия пәні мұғалімі Асем Муханбеткалиева

Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қамықпа тағы да тырысып көр. (Д. И. Менделеев)

Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылы және оның тұздары
Мақсаты:
Білімділік: күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін, қолданылуын және оның тұздары туралы түсінік беру
Дамытушылық: теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу
Тәрбиелік: өз білімдерін бағалап, бірлесіп жұмыс жасауға ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеу, оқу - құралдарын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ – жауап
1. VI топтың негізгі топшасында қандай элементтер орналасқан? Элементтердің топтық атауы?
2. Күкірт атомының ең сыртқы электрондық деңгейшесінде неше валенттік электроны бар
3. Гипстың формуласы?
4. Күкірттің қандай аллотропиялық түрөзгерісін білесіздер?
5. Күкірттің физикалық қасиеті?
6. Күкірт химиялық реакция кезінде қандай қасиет көрсетеді?
7. Күкіртсутектің алынуы
8. Күкірттің неше қышқылдық оксидтері бар?
9. Күкірттің оксидтерінің алынуы:
10. Күкірт оксидтерінің қолданылуы?

ІІІ. Жаңа тақырып Ой - қозғау
Бір кездерде химия патшалығында Су ханшайымы мен күкірт алты валентті ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті. Барлығы қуанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді. Медбике келіп ұл деп көк лентаны таққанда бірден қызарып кетті. Яғни дүниеге ұл бала емес қыз бала келгенін белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, әкесінің аты Күкірт екен. Сонда балалар қалай ойлайсыңдар Қыздың тегі қалай болады екен? Күкірт қышқылы. Сонымен тақырыбымыз «Күкірт қышқылы және оның тұздары».
Күкірттің маңызды қосылыстарының бірі – күкірт қышқылы. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар.
Физикалық қасиеті: Концентрациялы күкірт қышқылы – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1, 84 г/cм3, массалық үлесі 98%. Ол 2800 С - та қайнайды. Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл ) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау қышқылы күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан - жаққа шашырауы мүмкін. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 944
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт қышқылы және тұздары
Күкірт қышқылы және тұздары
Күкірт қышқылының молекула құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері мен халық шаруашылығында қолданылуы туралы білім бере отырып химиялық реакциялар көмегімен қасиеттерін жаза білуге дағдыландыру;
Күкірт
Күкірт
Жугинисова Айнур Сагындыковна Химия пәні мұғалімі Шалқар қаласы №6 орта мектеп
Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Тұз қышқылы және оның тұздары
Тұз қышқылы және оның тұздары
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×