Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абзацтар, шегіністер және интервалдар

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтінмен жұмыс барысында абзацтар, шегіністер, интервал ұғымымен, батырмаларымен таныса отырып жұмыс жасап үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін арттыру, заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерте отырып құзыреттілігі терең оқушыларды дайындау.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, презентация, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Үй тапсырмасын пысықтау.
4. Тақырыпты ашу.
5. Жаңа сабақ.
6. Жаңа сабақты бекіту.
7. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.

1. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, сабақ құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Тест жұмысы арқылы тексеру.
1. Кегль - ол
А) қаріптің сырт пішімі
В) қаріптің мөлшері
С) абзацтың элементі
Д) пішімдеу сызғышындағы маркер
2. Символдар тізімдемесін, оның ішінде пернетақтада жоқтарында, экранда көрсетуді келесі бұйрықтар немесе сұхбаттық терезелер көмегімен жүзеге асыруға болады.
А) Кірістіру - Символ бұйрығы
В) Тіркеме парақ жолағының
С) Абзац сұхбаттық терезесі
Д) Қаріп сұхбаттық терезесі
3. Сендер мәтінді экранға қарамай тердің делік. Біраз уақыттан кейін CapsLock пернесінің басулы тұрғанын көріп қалдыңдар. Ары қарай қандай әрекет жасайсыңдар?
А) Мәтінді қайта тереміз
В) Емле қателерін тексеруді қолданамыз
С) Регистр батырмасының көмегімен бас және жай әріптердің кезектесіп орналасуын ретін «Сөйлемдегідей» тәртібіне өзгертеміз
Д) Басты - Қаріп сұхбаттық терезесінде Регистр ажыратып қосқышын жалғаймыз.
4. Сиректетіп теру үшін не істеу керек?
А) Абзац сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал» тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз
В) жолақтың Басты - Қаріп тіркеме парағында тиісті батырманы қосамыз
С) Символдарды арасына бос орын қосып тереміз
Д) Қаріп сұхбаттық терезесін шақырып, Қосымша тіркеме парағына ауысамыз және «Интервал» тізімінен «сиректетілген» параметрін таңдаймыз
5. «Х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?
А) жоласты белгісін
В) жолүсті белгісін
С) форматты тазалау
Д) Кірістіру - Символ - Басқа символдар бұйрығын.
6. Артығын таңдаңдар:
А) WordPad
В) MicrosoftWord
С) Paint
Д) Блокнот
7. Ашық құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?
А) жолақтың бетті белгілеу тіркеме парағында
В) жолақтың басты тіркеме парағында
С) терезенің тақырып жолында
Д) қалып күй жолында
8. Құжаттардың қарап шығу масштабын өзгертуге болады:
А) жолақтың бетті белгілеу бөлімінде
В) жолақтың басты бөлімінде
С) терезенің тақырып жолында
Д) қалып күй жолында
9. Жанама мәзірді қалай шақырады?
А) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын шерту арқылы
В) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің сол батырмасын шерту арқылы
С) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің оң батырмасын екі рет шерту арқылы
Д) құжаттардың қажетті элементін тінтуірдің сол батырмасын екі рет шерту арқылы
10. Құжаттың сақтау бұйрығы қайда орналасқан?
А) жолақтың басты тіркеме парағында
В) файл мәзірінде
С) Office батырмасының мәзірінде
Д) тек пернетақтадан қол жетімді

3Үй тапсырмасын пысықтау: Қосымша сұрақтар қою арқылы пысықтап сұрау:
1. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұрық қандай?
2. Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады?
3. Ерекшеленген фрагменттегі кіші әріптерді бас әріптерге қалай өзгертуге болады?
4. Кегль деген не?
5. Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай орналастырамыз?
6. Символаралық интервал деген не?
7. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
8. Қаріптің жоғарғы және төменгі регистрлері не үшін керек?
9. Меңзерді жылжытуға арналған пернелер комбинацияларын атаңдар?
10. Мәтінді сауатты теру үшін қандай ережелерді алған жөн?
11. Мәтіннің фрагменттерін ерекшелеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

4. Тақырыпты ашу:

5. Жаңа сабақ: Абзацтар, шегіністер және интервалдар.
Пішімдеу ағымындағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшелеген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен, жолақтың басты - абзац немесе Абзац бұрынғы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.
- Тізімдер құру туралы басқа сабақтарда айтылады.
- ағымдағы абзацта мәтінді түзету: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша.
- абзацтағы шегіністі азайту(ұлғайту).
Жолақтың басты - абзац тіркеме парағындағы бұйрықтардың көмегімен кез келген мәтіндегі түзеу мен шегіністерді өзгертіңдер. Шегіністерді өзгерткенде пішімдеу сызғышына назар аударыңдар.
Абзацтың ішіндегі жоларалық интервалды баптау. Тура сол баптаулар Абзац бұйрығының сұхбат терезесінде бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Абзац, шегініс, интервал туралы толық ақпарат алуы керек.
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Абзацты пішімдеу туралы оқушылар білімін қайталау, абзацты пішімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтар
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтар
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтармен жұмыс жасауды оқушыларға үйрете отырып, компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыра отырып, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі дамыту.
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×