Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құжат беттерін рәсімдеу. Беттерді нөмірлеу

31 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Кызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Жаңарық ауылы, №167 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Нурманова Жақсыгүл Аббасқызы

Сабақтың тақырыбы:Құжат беттерін рәсімдеу. Беттерді нөмірлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.
Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды ұжымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау
арқылы түсіндіру.
Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, эл. оқулық, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір,
Информатика заманы

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Дода ойыны)
1. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не? (10 ұпай)
2. Интервал дегеніміз не? (10 ұпай)
3. Қаріп қосымшасы не үшін қолданылады? (10 ұпай)
4. Қаріптің сызылымын қалай таңдаймыз? (20 ұпай)
5. Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесің? (20 ұпай)
6. Абзац Word - та қандай перненің басылуымен аяқталады? (20 ұпай)
7. Қаріптің өлшемін қалай өзгертуге болады? (30 ұпай)
8. Мәтіннің беттерін өрнектеу, түсін өзгерту үшін қандай команданы таңдау керек?(30 ұпай)
9. Жоғары және төменгі индекс қалай қойылады?(30 ұпай)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бетті белгілеу
Құжат мәтінін қағаз бетінде жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төмен колонтитулының орналасуын қою керек. Ол үшін
Файл - Беттің параметрлері (файл - параметры страницы) командасы таңдалады.

Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (поля) қосымшасы қолданылады. Жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ өрістері.
Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген.
Таңдалған өрістер дұрыс болса, Ок батырмасы шертіледі.
Құжат Бетінің өлшемдерін таңдауға Қағаз өлшемі (размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі орналасқан. Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда ені (ширина) және биіктігі (высота) өрісінде беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.

Бағдарлау рамкасында қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрі таңдалады.

Беттерді бөлу. Мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге қойып, Кірістіру мәзіріндегі Бөлу (разрыв) командасын шақыру керек. Бөлу сұхбат терезесінде Жаңа бет өрісін ерекшелеп, ОК батырмасын шертіңіз. Бетті бөлген түзу экранда үзік сызықпен көрініп тұрады.

Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Кірістіру мәзіріндегі Беттің нөмірлері командасын шақыру керек.

Колонтитулдарды орналастыру. Колонтитул - құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет. Әдетте, колонтитулға беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары( беттің жоғары немесе төменгі өрісінде) жазылады Колонтитулды жасау үшін түрі мәзіріндегі колонтитулдар командасын таңдау керек.

IV. Электронды оқулықпен жұмыс
Беттің параметрлерін қалай рәсімдеуге болады?
Беттің түсін (фон) қалай қоямыз?
Бетті қалай жиектейміз?
Құжатта алдын ала көруде қай батырманы қолданамыз?

V. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
2. Бетті белгілеу үшін қандай команда таңдалады?
3. Колонтитул дегеніміз не?
VІ. Үйге тапсырма беру. Құжат беттерін рәсімдеу.
VIІ. Оқушыларды бағалау.
8 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Құжат беттерін рәсімдеу әрекеттерімен таныстыру. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 5 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Беттерді бір – бірінен бөлу. Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағандарда орналастыруды ұйымдастыру
Беттерді бір – бірінен бөлу. Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағандарда орналастыруды ұйымдастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылы, Қ. Күлетов атындағы № 92 орта мектеп Информатика пәнінің мұғалімі Мырзамуратова Бахыт Шайхсламовна
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×