Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары

05 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қалымбетова Айман Алтынбайқызы

Информатика 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды рухани-адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ–жауап, ой туғызу.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, интерактивті тақта, жұмбақ шешу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сынып оқушыларымен амандасу.
2) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
3) Сыныптың тазалығына мән беру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
• Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
• Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
• Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
• Сурет салу әдістері қалай орындалады?
• Түстер палитрасының қызметі қандай?
• Меню жолының қызметі қандай?

III. Жаңа сабақты меңгерту
Түзу сызық сызу. Түзу сызық, сызу айрықша еңбекті талап етпейді. Түзу сызық сызу үшін:
1. Линия батырмасын шертеміз
2. Құрал - саймандар жиынынын астындағы жақтаудан сызықтың қажетті таңдаймыз.
3. Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға тасымалдап апарамыз.
5. Маустың батырмасын жібереміз

Төртбұрыштар мен квадраттар салу. Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
1. Прямоугольник батырмасын шертеміз.
2. Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1 - тек жақтау, 2 - жақтау, 3 - тек толтыру.
3. Маус нұсқағышын тік төртбұрыш салғыларың келетін жерге орналастырыңдар
4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып нұсқағышты тік төртбұрыш жақтауын созып қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын шертіңдер.

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыштар салу.
Дөңгеленген тік төртбұрыш құралының көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:
1. Скругленный прямогульник батырмасын шерту керек.
2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар.
3. Маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.
5. Маус батырмасын жіберіңдер.

Эллипс және шеңбер салу. Элипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:
1. Эллипс батырмасын шертіңдер.
2. Эллипстің қажетті түрін таңдаңдар: 1 - тек шекара, 2 шекара және толтыру, 3 - тек толтыру.
3. Маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар.
4. Маус батырмасын шертіңдер.

Қисық сызықтарды салу:
1. Кривая құралының батырмасын шертеміз
2. Сызықтық қажетті қалыңдығын таңдаймыз
3. Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз
4. Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, оң жаққа апарамыз.
5. Осы әрекеттерді екінші үшін де қайталаймыз

Көпбұрыштар салу:
1. Многоугольник ( Көпбұрыш) құралының батырмасын шертеміз
2. Көпбұрыштың типін таңдаймыз
3. Бірінші сызықты саламыз
4. Екінші сызықты саламыз және т. с. с.

Құю (Заливка) құралын пайдалану:
1. Құю (Заливка) құралының батырмасын шертеміз
2. Түстер палитрасының түс таңдаймыз
3. Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін мауспен шертеміз

Бүріккіш құралын пайдалану:
1. Бүріккіш құралының батырмасын шертеміз.
2. Түстер палитрасынан түс таңдаймыз.
3. Бүріккіш дағының өлшемін таңдаймыз.
4. Бояуды бүркеміз.

Қылқаламмен сурет салу:
1. Кисть құралының батырмасын шертеміз.
2. Кисттің пішіні мен өлшемін таңдаймыз.
3. Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз.
4. Маус нұсқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз.
5. Маустың сол батырмасын басып тұрып, кистті жылжытамыз.
6. Маус батырмасын жібереміз.

Өшіргіш құралын пайдалану:
1. Ластик (Өшіргіш ) құралының батырмасын шертеміз.
2. Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз.
3. Маус нұсқауышын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрып өшіреміз.
4. Батырманы жібереміз.

Тапсырма.
Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал.
Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын. (Қолшатыр)

Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста. (Шырша)

Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде, Болам дейді күндей. (Ай)

IV. Сабақты бекіту сұрақтары:
•Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
•Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
•Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
•Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?
•Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

V. Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары. Ребус құрастыру.
VI. Бағалау. Оқушылардың біліміне қарай бағалау.
3 240
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Қызылорда қаласы. Информатика пәні мұғалімі: Ильясова Эльмира Амангелдіқызы
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Paint графикалық редакторының командалары
Paint графикалық редакторының командалары
Атырау облысы, Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Аманқосова Батима Оңайбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×