Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графикалық редактор PAINT. Үзінділермен жұмыс.

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы,
№1 негізгі мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Бектурганова Гаухар Рыспаевна

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор PAINT. Үзінділермен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторының үзінділерімен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік: еңбекке, қоршаған ортадағы көрген дүниесін бейнелей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушы білімін бекіту.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп - саралап оқыту.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланысы: геометрия, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: компьютерлер, слайд, үлестірме қағаздар. Интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды тексеру, сабақтың мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест сұрақтары:
1. Paint графикалық редакторын іске қосудың дұрыс ретін көрсетіңіз?
Пуск – программы стандартные – Paint
Пуск – стандартные – Paint
Пуск – программы – Paint
2. құралы не енгізу үшін қолданылады?
Бүріккіш (распылитель)
Жазу (надпись)
Қылқалам (кисть)
3. Paint графикалық редакторында тік төртбұрыш салу үшін қандай құралды пайдаланамыз?
Түзу сызық
Қисық сызық
Тік төртбұрыш
4. Paint графикалық редакторында суретті бояу үшін қандай құралды пайдаланамыз?
Құю
Бүріккіш
Қылқалам

5. Қисық сызықтар сызу үшін пайдаланылатын құрал:
6. Жай күй жолында не беріледі?
Инструменттер
Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
Файлдың аты
7. Көпбұрышты қолдана отырып шеңберді сыза аламыз ба?
Сызуға болады
Болмайды
Тек shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады.
8. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
9. Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
Alt
Ctrl
Shift
10. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
Қарапайым және түрлі түсті
Қарапайым және күрделі
Жұмсақ және қатты
ІІІ. Сергіту сәті.
Интерактивті тақтада көрсетілген видео мен жаттығу.

IV. Жаңа сабақ.
Компьютермен жұмыс істеу.
1. Компьютерді іске қосындар
2. Paint программасын қосыңдар
Суретті өзгерту үшін оны ең алдымен тұтастай немесе оның қажетті бөлігін - фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.
Бүгінгі сабақта біз көбелек суретін ерекшелеу сайманын қолданып саламыз.
Біріншіден:
Жұмыс аймағында 6 түрлі шеңбер сызамыз. (Shift батырмасын қолданындар)
Екіншіден:
Тік сызықты сызып, шеңберлерді бір - бірінің ішіне жинаймыз, сол жақ бетін жанастырамыз.
(Белгілеу құралын пайдаланындар)
Үшіншіден:
Барлық шеңберлерді түрлі түсті бояумен бояймыз. Қарандаш құралымен қанаттың қалған элементтерін саламыз және бір түспен бояймыз. (суретке қара.)
Төртіншіден:
Суретті белгілеп, оның көшірмесін жасаймыз
(Правка – Копировать, Правка – Вставить)
Бесіншіден:
Рисунок – Отразить/Повернуть… – Отразить слева направо командасын орындаймыз және ОК батырмасын басамыз.
Алтыншы қадам:
Үзінділеді қосындар.
Жетінші қадам:
Көбелек денесін құрамыз, бояймыз және біріктіреміз.
Сегізінші қадам:
Суретті жинақтаймыз да көздері мен мұртын саламыз.

V. Сабақты бекіту.
Итерактивті тақтада жұмыс істеу. Жаңа сабақта өткен құралдар мен командаларды
пайдаланып, тақтаға сурет салу. Оқушыларға суреттердің үлгілері беріледі. Олар суреттерін компьютерде салады. Бір оқушы тақтаға шығып өз еркімен сурет салады.
Аюдың суретін мүшелеп әр оқушы бір - бірін толықтырып тақтаға салады.
VI. Қортынды. Балалар сендер бүгінгі сабақта не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Рефлексия. Тақтадағы кестеге өздерінін смайликтарын жабыстырады. Смайликтарда көңілкүйдің түрлері бейнеленген.
Бағалау. Сабақ барысында алған білімдеріне байланысты бағалау.
VI. Үйге тапсырма
§17 оқып, параграфтың соңындағы тест сұрақтарына жауап беріңдер.
3 143
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикалық редакторда жұмыс істеуге үйренеді және графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік алады. Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар сабақ.
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×