Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторы

26 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Іске қосу, жұмыс алаңы, құралдар тақтасы, палитра.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикалық редакторда жұмыс істеуге үйренеді және графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік алады.
Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар сабақ.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:
 графикалық редактор не екенін;
 графикалық редактор не үшін қолданылатынын;
 Paint редакторының терезесі неден тұратынын;
Оқушылар үйренуі тиіс:
 графикалық редакторды іске қосуды:
 сурет салуды және оларды өндеуді.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Практикалық жұмыс жүргізу.
4. Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру
5. Оқушыларды бағалау.
1. Сыныптағы кезекшілік. Сыныпта жоқ оқушыларды белгілеу.
2. Бүгінгі сабақта біз қарапайым графикалық редактормен танысамыз. Ол Windows ОЖ – дегі Paint редакторы. Бұл редактор графикалық та мәтіндік те ақпаратты өндеуге мүмкіндік береді және растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі және көптеген түстер саны қолданылады.
Редактордың мүмкіндіктері:
1. Құралдар тақтасы мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. Суреттерді бөлек бөлектерден құрастыруға;
3. Суретке мәтін енгізуге және оны қалыптастыруға;
4. Басқа графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды сызуға және т. б мүмкіндік береді.
Paint редакторды іске қосу: Пуск → Программы→ Стандартные →Paint

3. Практикум: Оқушыларды компьютерде осы команданы орындату.

Осы команданы орындағаннан кейін бізге экранға Paint терезесі ашылады. Ол мәзір қатарынан, құралдар тақтасынан, палитрадан, жұмыс орнынан, қалып - күй жолынан және айналдыру жалақтарынан тұрады. Қалып - күй жолында меңзердің пиксельдердегі координаттарын байқауға болады.
Сурет салу кезеңдері:
1. Құрал таңдау.
2. Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін немесе тік төртбұрыш түрін орнату.
3. Кескін түсін таңдау.
4. Фон түсін таңдау.
5. Сурет салу.
Мәзір қатары:

алты пунктен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы да немесе клавиатурадан “Alt” батырмасын 1 рет басу арқылы да таңдауға болады. Мәзірдің әр пункті созылған бағынқы мәзірден тұрады. Мәзір арқылы терезенің түрін, жұмыс орнының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суретті сақтауға, оларды көшіруге және т. б командалар орындауға болады.
3. Практикум: Мәзір қатарын таңдаудың екі тәсілін көрсету.
4. Бүгінгі сабақта біз графикалық редактор және оның мүмкіндіктерімен таныстық.
5. Үйге тапсырма: 4. 1 тақырыбы.

Тапсырма 4. 1. 1 Paint редакторын іске қосу әрекетінің тізбегін ретімен жаз
Тапсырма 4. 1. 2
Палитраның міндеті қандай?
Сұрақтарға жауап бер
Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орнатылады?
Бейнелеу түсін қалай таңдауға болады?
Фон түсін қалай таңдауға болады?
3 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×