Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептеу техникасының даму тарихы. Ашық сабақ

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Нурымбаев Е.

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ буындары.

Мақсаты: есептеудің тарихы және есептеу техникасының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы білу.
Білімділігі: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихын үйрету.
Дамытушылығы: ақыл - ой әрекетін, жады, салыстыру, сараптама жасау, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Күтілетін нәтиже:
- Есептеу құрылғыларының пайда болуын, аттарын, шыққан жылдарын біледі, машиналарға сипаттама бере алады, ЭЕМ буындарының реттілігін түсінеді.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: кім жылдам?, визуалды карта, доп лақтыру, ұяшықтарды толтыру, миға шабуыл.
Көрнекі құралдар: слайдтар, электронды оқулық, интерактивті тақта, постерлер, карточкалар.

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта жағымды ахуал орнату мақсатында «Әлемге саяхат» тренингін өткізу. Оқушылар google earth бағдарламасы арқылы әлемдегі өздерінің сүйікті қалаларына саяхат жасайды.
Топқа бөлу Тақырыпқа байланысты суреттер беріледі. Ескі компьютер, жаңа компьютер, планшет, ноутбуктердің суреттері беріледі. Осы суреттер бойынша сынып 4 топқа бөлінеді.
1 топ. IBM тобы
2 топ. Моноблок
3 топ. Планшет
4 топ. Ноутбук.
Үй тапсырмасын сұрау.
Кім жылдам? Оқушыларға, үйде, тақырып бойынша 3 сұрақтан құрап келу тапсырылған.
Сұраққа берген жауаптарына қарай балл бойынша критерийге бағаланады. Сұрақтарды топтар кезектесіп бір - біріне қояды.
Бағалау. Тақтада бағалау критерийлері ілініп тұрады.
Әр топтың жинаған ұпайлары жазылып барады. 3 - өте жақсы. 2 - жақсы, 1 - орташа. Оқушылар жоғары ұпай жинау үшін тапсырмаларды орындайды.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Доп лақтыру. Архивтеу және антивирустық бағдарламаларымен қалай жұмыс жасалу керектігін электрондық оқулықтағы тапсырмалармен орындаймын. Жауаптары критерийге бағаланады. Топтан оқушылар шығып тапсырманы орындайды, допты алып келесі топта қай оқушы қапшыса, сол оқушы орындайды.
Топтар бір - бірін формативті түрде бағалап отырады.
Жаңа сабақты ашу кезеңі.
Миға шабуыл. Слайд арқылы оқушыларға ескі есептеуіш техникасының құрылғыларының суреттерін көрсете бастаймын.
Сұрақ қойылады: Ертедегі адамдар және осы уақытқа дейінгі адамдар есептеуді қалай жүргізген. Оқушылар түрліше жауаптар қайтарады.
Визуалды карта
Постермен жұмыс. Әр топ А3 формат, құрылғылардың суреттерін, және 6 сынып оқулықтарын пайдаланады. Тапсырма: Құрылғылардың суреттерін астына қай жылы, кім тарапынан ойлап табылғанын және атауын жазып, визуалды картаға жапсыру. Құрылғылардың суреттерін толтырып, сәйкесінше, визуалды картада қажетті жылға апарып жапсырып қояды.
Әр топ мүшелері құрылғыларды бөліп алып, тапсырманы қорғап шығады.
Ұяшықтарды толтыру. Тақтада бес бос ұяшық көрсетіледі.
Тапсырма: ЭЕМ буындарын ретімен бос ұяшықтарға жазып шығу. Сабаққа белсене араласпай отырған оқушылар, тақтаға шығып ұяшықтарды толтырады.
Сабақты бекіту.
Видеоролик көрсету. Тақтада бұрынғы шыққан есептеу құрылғыларының бейнероликтері
көрсетіледі. Оқушылар көрсетілген құрылғылардың аттарын атап шығады.
Кері байланыс парағы. Стикер таратылады. Стикерге бүгін сабақта не үйрендім? және не білгім келеді? бойынша толтырылады.
Сергіту сәті. Оқушылар музыка қойылады. Тақтаға қарап би билейді.
Үйренуге берілетін тапсырма. Ертедегі есептеу құрылғыларының суреттерін салу. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
3 194
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен толығырақ таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Ерланова Шынар Алтынбековна
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×