Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептеуіш техниканың даму тарихы

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы (презентациясымен)

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жауапкершілікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы мағлұмат бере отырып, олардың көру және есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (түсіндіру, “Көңілді батырмалар”, «Ол кім? Бұл не?», «Саңырауқұлақ терейік!» ойындары)
Сабақтың әдісі: тірек - сызба арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, сәйкестендіру тесті
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, есептеуіш техника құралдарының суреттері
Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Көңілді батырмалар» ойынымен тексеру. Интерактивті тақтада түрлі - түсті батырмалар беріледі. Оқушылар қалаған батырмаларын таңдайды және батырмаларды басқан кезде сол батырманың сұрағы шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Дисплей дегеніміз не?
2. Маустың неше түрі бар?
3. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы.
4. Принтердің түрлерін атаңдар.
5. Пиксель дегеніміз не?
6. Алғашқы түрлі - түсті мониторлар қай жылы шығарылды?
7. Электронды - сәулелі түтікше дегеніміз не?
8. Лазерлік принтер қалай жұмыс жасайды?

ІІІ. Жаңа түсінік беру: Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.

ІҮ. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
А) жаңа ұғымдар: абак, суанпан, серобян – есепшот.

Ү. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары: Интерактивті тақтада мұғалімдердің және оқушылардың еркін жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

ҮІ. Жаңа түсінікті тексеру: «Ол кім? Бұл не?» ойыны арқылы тексеру. Тақтада 8 ұяшық беріледі. Ұяшықтар астында суреттер жасырылған, ұяшықтардағы суреттерге жауап бергеннен соң оның астарында жасырынған суреттерге анықтамалар беріледі.

1. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал жапондықтар не деп атаған?
2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым.
3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик.
4. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды?
5. Екінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не болды?
6. Төртінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не болды?
7. ЭЕМ буындарын атаңдар.
8. Бірінші буындағы ЭЕМ - дердің элементтік базасы не?

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар: «Сыңарын тап» ойынымен бекіту.

ІХ. Сабақты қорытындылау: «Саңырауқұлақ терейік» ойынымен қорытындыланады. Тақтада тиін, тиіннің шелегі және 6 саңырауқұлақ берілген. Оқушылар саңырауқұлақтарды таңдайды және саңырауқұлақтардың сұрағына жауап береді. Дұрыс жауап алынған саңырауқұлақ өзі шелекке салынады.

Х. Үй тапсырмасы: Есептеуіш техниканың даму тарихы
ХІ. Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен толығырақ таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Есептеу техникасының даму тарихы. Ашық сабақ
Есептеу техникасының даму тарихы. Ашық сабақ
Мақсаты: есептеудің тарихы және есептеу техникасының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы білу. Білімділігі: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихын үйрету.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Садвакасова Зульфия Мадениетовна
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, №33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аширова Лаззат Бейсенбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×