Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептеуіш техниканың даму тарихы

16 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекiлiктерi: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, сөзжұмбақ, сәйкестендіру сызбасы.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды екі топқа бөлу..
ІІ. Үй тапсырмасы.
А) Информатика дегеніміз не?
Б) Тапсырма №1. 3. 3 Адасқан әріптерді орналастырыңдар.
Ұжыммен жұмыс.
1. Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы.
қ п р а п т а т ы а ж а с а у
2. Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар.
г е н і у з қ ұ р ы л ғ ы с ы
3. Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар.
о қ д л а б н ы л а б а ғ д а р л а м а л а р
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспар:
І. Есептеуіш техниканың даму тарихы
ІІ. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы
ІІІ. ЭЕМ буындары
Мұғалім: Көпшілік мақұлдаған топтастыруды қолданып, ЕТ дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. Қол – б. э. дейінгі елуінші мыңжылдықтан бастап;
2. Механикалық – XVII ғасырдың ортасынан бастап;
3. Электромеханикалық – XIX ғасырдың 90 - шы жылдарынан бастап;
4. Электрондық – XX ғасырдың 40 - шы жылдарынан бастап.
Сонымен, ЕТ дамуының бұл төрт кезеңдерінің өзін жақсы қырынан көрсеткен құралдары күні бүгінге дейін қолданылады.
ЕТ - нің қол түрінің даму кезеңі есептеу үшін адам денесінің мүшелерін, бірінші кезекте саусақтарын және есептеу нәтижелерін белгілеу үшін, әр түрлі заттарды, мысалы, есептеу таяқшаларын, түйіншектерді, белгілер қоюды қолдануға негізделген.
Қол түрінің даму кезеңі:
1. Ондық пен он екілік санау жүйесіндегі саусақ есебі (қолдағы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері – барлығы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын сүйектері – барлығы он екі).
2. Колумбқа дейінгі Америка халықтарының түйіншек санауы.
3. Заттарды топтастыру және бір жерден басқа жерге санап қою көмегімен санау.
4. Есепшотпен санау (абак – алғашқы жетілдірілген санау құралы), 15 - ші ғасырда пайда болды. Есепшотты көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.
5. 17 - ғасырдың басында ДЖ. Непердің логарифм және логарифм кестесін ойлап табуы және есептеу таяқшаларымен ДЖ. Непердің есептеу тақтасын ендіру.
Механикалық құралдардың даму кезеңі:
1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын есептеу құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шиккардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жазатын тәуелсіз құрылғылардан тұратын.
2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 001
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеу техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен толығырақ таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Есептеу техникасының даму тарихы. Ашық сабақ
Есептеу техникасының даму тарихы. Ашық сабақ
Мақсаты: есептеудің тарихы және есептеу техникасының дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы білу. Білімділігі: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихын үйрету.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбайқызы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Садвакасова Зульфия Мадениетовна
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәні мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×