Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ информатиктер

16 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Атакент кенті, "Мақтарал" мектеп - гимназиясының
информатика пәні мұғалімі Салыбекова Молдир Есимовна

6 - сыныптар арасында информатикадан өтілетін сыныптан тыс сайыс сабақтың жоспары.

Сабақтың тақырыбы: «Болашақ информатиктер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, информатикадан алған білімдерін нығайту.
Тәрбиелік: Информатика пәніне қызығушылығымызды арттыра отырып дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетімізді, информатикалық сөздік қорымызды дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерімізді жетілдіру.
Сабақтың түрі: Информатикалық сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топ бойынша жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, слайдтар, карточкалар т. б

Информатикалық сайыс сабақтың барысы:
Сайысқа өз білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары қатысады. Бүгінгі сайысқа төрт сынып қатысады. Олар 6 «Ә» сыныбы «Paint» тобы, 6 «Б» сыныбы «Монитор» тобы, 6 «В» сыныбы «Microsoft Word», 6 «Г» сыныбы «Жүйелі блок» тобы.
Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысайық.
Әділ қазылар алқасы:

6 - сыныптар арасындағы «Болашақ информатиктер» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі кезең:
ІІІ. Сабақ бөлімдері:
І бөлім: «Ширату» (қайталау сұрақтары)
ІІ бөлім: «Информатика - дүкенінде» (компьютерде сурет салу)
ІІІ бөлім: «Криптография» (информатикалық сөздерді табу)
ІV бөлім: «Ой жүйрік» (Компьютердің пайдасы және зияны жайында айту)
V бөлім: «Болашақ компьютер» (Әр топ басшысы балашақ компьютердің суретін салып көрсетеді)
Енді екі топ өздерінің төс белгісін ұсынады. Сонан соң ұрандарын айтады.
І бөлім: «Ширату» сайысы топтарымызды кішкене ширатып алайық.
Бұл сайыста әр топ сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріп отырасыздар.

«Ширату» сайысының сұрақтары:
Бірінші суреттің сұрақтары:
1. Адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат неше түрге бөлінеді?
(5 түрге. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сезу)
2. Ақпаратты өлшеудің ең кішкене өлшем бірлігі? (Бит)
3. 1 байтта неше бит бар? (8)
4. Ақпарат сөзінде неше байт және неше бит бар? (7 байт х 8=56 бит)
5. «Information» сөзінде қанша бит бар? (88)

Екінші суреттің сұрақтары:
1. Компьютердің түрлерін ата?
(Үстел үсті компьютері, дербес компьютер, Алақан, Супер компьютер, Алып жүретін, Үлкен компьютер, Сервер)
2. Дербес компьютер неше бөліктен тұрады, оларды ата?
(3 бөліктен. Шығару, Енгізу, Өңдеу және сақтау)
3. Процессор жүйелі блоктың несі? (Миы)
4. Пернетақта қандай құрылғы? (Ақпаратты енгізу құрылғысы)
5. Функционалдық пернелер? (F1 - F12)

Үшінші суреттің сұрақтары:
1. Курсорды басқару пернелері? (Home, End, Page Up, Page Down)
2. Paint графикалық редакторы дегеніміз не? (ағылшынша сурет, сурет салу растрлық нүктелерден тұратын бейнелермен жұмыс істеуге арналған графика)
3. Өшіргіш қандай режимде болады? (Қарапайым және түрлі түсті)
4. Дұрыс фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек? (Shift)
5. Ж К Ч – ның қызметі? (Жуан, Курсив, Асты сызылған)

Төртінші суреттің сұрақтары:
1. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады? (Шегіністерді орнатуға)
2. Дыбыс жазу файлдары қандай пішімде сақталады? (Wav)
3. Палитраның неше түсі бар? (Қанша керек болса сонша миллиондаған )
4. Paint графикалық редакторының іске қосу жолы?
(Пуск - Все программы - Стандартные - Paint)
5. Вирусқа қарсы программа? (Антивирус)

Сайысымыздың II бөлім «Информатика - дүкенінде» деп аталады. Оқушылардың ой ұшқырлықтарын, логикалық ойларын дамыту арқылы тапсырмаларды орындайды.
Әр сынып өз топтарының аттарына байланысты суреттер салып қорғайды. Жақсылап қорғаған сыныптарға 5 ұпайдан беріледі.

ІІІ бөлім: «Криптография» деп аталады. Бұл сайыста сайыскерлер құпия информатикалық атауларды табады. Әрбір информатикалық атауға бес ұпай беріледі.
Ж С К Т Ы Ш
Д Ү Р Т А Т
И Е Й Н Қ А
П Қ Т И
О Е Н Н Л О
Б Л О К А І
М С D Р Е К

ІV бөлім: «Ой жүйрік» (Компьютердің пайдасы және зияны жайында айту)
Бұл сайысымызда екі топ бірігіп компьютердің пайдасы және зияны жайында сөз қозғайды. Жеңген топқа 10 ұпай беріледі.
V бөлім: «Болашақ компьютер»
(Әр топ басшысы болашақ компьютердің суретін салып көрсетеді)

Осымен бүгінгі «Болашақ информатиктер» атты сайыс сабағымызды қорытындылаймыз. Қорытындысын әділ қазылар алқасынан сұраймыз. Жеңген топқа мадақтама грамотасы берілеміз.

Толық нұсқасын жүктеу
11 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау
Оқушыларды информатика пәніне деген қызығушылықтарын дамытып, информатикадан мектеп бағдарламасына сәйкес және күрделілігі жоғары есептерді шығаруға дағдыландыру;
Жас информатиктер
Жас информатиктер
ОҚО, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылында, С.Қожанов атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Шайхстамова Калима Ибраена
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" ММ информатика пәні мұғалімі Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиевна
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бегасилова Р. А.
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×