Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадан сайыс сабақтар топтамасы

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Топтамадағы ойын тақырыптары:
1. Ғажайып алаң (слайдымен)
2. Информатика алғыры (слайдымен)
3. Жұлдызды сәт
4. Инфо- Бинго


«Ғажайып алаң» танымдық ойыны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математика, физика, информатика пәндерінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан - жақты болуға үйрету;
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік. «Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қамшы, мензурка, жұмыртқа, су, тұз.

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!

Ойынымызды бастамас бұрын бүгінгі ойынға қатысушылардың білімі мен біліктілік шеберлігін саралау мақсатында әділ – қазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтеміз.

Ойынның шарты: Ойынға 8 сынып оқушылары қатысады. Әр топтың өзінің ұраны, эмблемасы болады.
8 «А» сынып – Тапқырлар тобы
8 «Ә» сынып – Болашақ тобы
8 «Б» сынып – Асылтас тобы
8 «В» сынып – Алғырлар тобы
Әр топтың топ басшысы өз тобының ұраны мен топ мүшелерін таныстырады.
«Ғажайып алаң» танымдық ойыны бес кезеңнен тұрады.
1. «Асу»
2. «Ғажайып үштік»
3. «Полиглот»
4. «Тапқырлық»
5. «Шапшаңдық»

1 кезең. Асу – бұл кезеңде оқушыларға математика, физика, информатика пәндерінен жалпы сұрақтар беріледі. Жауап беру үшін қолдарымыздағы қамшымызды көтеріп, жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
2. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
3. Компьютердің атасы кім? (Ч. Бэббидж)
4. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)
5. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
6. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (жүйелік қорап, монитор, пернетақта)
7. Бірлік ауданға түсірілетін күш (қысым)
8. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
9. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы (сканер)
10. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу (қаныққан бу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 888
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, №1 жалпы орта мектеп - интернатының информатика пәні мұғалімі Пиралиева Айкерим
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Садвакасова Зульфия Мадениетовна
Ақпараттық калейдоскоп
Ақпараттық калейдоскоп
Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Дуйсенбинова Жанна Орынғалиқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Дербес компьютерлер бөліктерінің негізгі қызметі
Дербес компьютерлер бөліктерінің негізгі қызметі
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №2 орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру. Дамытушылық:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×