Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас информатиктер

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
“Жас информатиктер” /сайыс/
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой – өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, компьютер, плакат, кроссворд.
Өтілу барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа шақыру
ІІ. Сайысты өткізу программасымен танысу
А) Топтармен таныстыру
Б) Әділқазылар алқасымен таныстыру
В) Сайысты өткізу
Г) Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Д) Марапаттау

Жоспары:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?
5. Суреттер сөйлейді (Компьютерде сурет салу)
6. Кім жылдам (кроссворд шешу)
7. Жұмбақтар, ребустар шешу (Екі топ бір - біріне жасырады)
8. Сөз тапқанға қолқа жоқ. (Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады)
Барысы:
Жүргізуші: Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Жас информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Жас информатиктер” атына ие болады. Ойын 8 айналымнан тұрады.

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп
Достарым отырсың ба елеңдесіп
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1 - ші топ Компьютер тобы
2 - ші топ Принтер тобы

Жүргізуші: Ойынымыз 8 айналымнан тұрады:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?
5. Суреттер сөйлейді (Компьютерде сурет салу)
6. Кім жылдам (кроссворд шешу)
7. Жұмбақтар, ребустар шешу (Екі топ бір - біріне жасырады)
8. Сөз тапқанға қолқа жоқ.(Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады)
Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:

Топтарды таныстыру:
1 топ – «Компьютер»
Ұраны: Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам - қағазсыз.

2 топ - «Принтер»
Ұраны: Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз

Жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл - деп, бүгінгі сайысымыздың барысын зерделеп, әділ бағасын беретін әділ - қазы алқасымен таныс болайық.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда – дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.
Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.

1. Бәйге жарысы: 1) Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Windows - та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60 - 70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD - ROM)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 834
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болашақ информатиктер
Болашақ информатиктер
Адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат неше түрге бөлінеді? (5 түрге. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сезу) Ақпаратты өлшеудің ең кішкене өлшем бірлігі? (Бит) 1 байтта неше бит бар? (8)
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Тақырыбы: Тапқыр достар /сайыс/
Балдәурен информатиктер
Балдәурен информатиктер
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Үздік информатик (сайыс)
Үздік информатик (сайыс)
Информатика пәні мұғалімі: Аида Оршибекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×