Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді пішімдеу. Абзац

26 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Мақсаты:
Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелері жайлы түсініктерін кеңейту, берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету. Мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды, абзац, бірінші жолдың шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, табуляцияны қолдануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:
• Мәтінді теруді, мәтін бөліктерін көшіруді, ауыстыруды, мәтінді пішімдеуді үйренеді;
• Редакциялаудағы пернелер мен командалардың қолданылуын, мәтінді ретімен теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды, әрекетті кері қайтару командаларын меңгереді;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Негізгі дерек көздер:
• Оқулық
• Слайд
• Дербес компьютер
• Электронды тест
Әдіс - тәсілдер:«Ой қозғау» әдісі
Сабақтағы жоспарланған жұмыстар
Ұйымдастыру (2 мин)
- Сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
«Білу» деңгейі (5 мин)
Үй тапсырмасын тексеру
«Өзіңді тексер!» тестісін орындату.
«Түсіну» деңгейі
(10 мин) Мағынаны тану
(Мұғалім бүгінгі сабақты түсіндіреді)
Егер электронды құжатта тасымалдау орнатылмаса, онда абзацта сол жақ шет бойынша түзету анықталады. Сондықтан көбіне тақырып ортаға, ал авторға сілтеме немесе құжат құрылған мерзім – оң жақ шет бойынша түзетеді.
Абзац үшін келесі баптаулар анықталады:
o Түзету;
o Жоларалық интервал;
o Шегінулер.
Түзету
- Мәтін жолдың басында, сол жақта орналасады.
- Мәтін ортаға теріледі.
- Мәтін жолдың соңынан, оң жақта теріледі.
Шегіністерді Сызғыштағы жүгіргіштерді жылжытып та бекітуге болады.
«Қолдану» деңгейі (12 мин)
Компьютерде тәжірибелік жұмыстар
Деңгейлік тапсырма
Оқушыларға оқулық бойынша тапсырма береді, деңгейлік тапсырманы орындауды ұсынады. (177 - 178)
«Талдау» деңгейі (5 мин)
«Ой қозғау» әдісі

1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.
2. Сызғыз не үшін керек?
3. WordPad мәтіндік редакторында түзеудің қандай түрлеріне қол жетімді?
4. Табуляция не үшін керек?
5. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз? т. б.
«Жинақтау» деңгейі (5 мин)
«Өзіңді тексер!» тестісін орындату.
«Бағалау» практикасы (2 мин)
Рефлексия: «Бағдаршам» тәсілі.
Оқушыларға 3 түсті стикерлерді таратып береді де жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергендіктерін білгісі келетіндігін айтады. Оқушыларға бағалау тәсілі жайлы қысқаша мағлұмат береді.
Топтық бағалау
Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.
• Өз - өзін бағалау;
• Жұпты бағалау;
Рефлексия (3 мин)
Оқушыларға стикерлер таратып, бүгінгі сабақ туралы пікірлерін алу.
Үйге тапсырма
§23 Мәтінді пішімдеу. Абзац

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін мектептің
информатика пәні мұғалімі
Талбаева Асель Аманкосовна

Толық нұсқасын жүктеу
2 060
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтар
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтар
Қаріп, абзац, шегіністер мен аралықтармен жұмыс жасауды оқушыларға үйрете отырып, компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыра отырып, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі дамыту.
Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу
Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек. Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады.. тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Абзацты (азат жолды) пішімдеуді және мәтіндерді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім ретінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды меңгерту. Теорияны тәжірбиеде іске асыра білу.
Мәтінді теру ережесі
Мәтінді теру ережесі
WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Мәтінді редакциялау және пішімдеу
Алматы облысы, Іле ауданы, "№12 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі Информатика пәні мұғалімі Ахметова Динара Багдатовна
Номірленген және таңбаланған тізім. Баған
Номірленген және таңбаланған тізім. Баған
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ермекова Занзура
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×