Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
№58 жалпы орта мектебінің
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәнінің мұғалімі
Гасанова Зохра Атахановна

7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері. Мәтін бөліктерін ерекшелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін теруді ережеге сәйкес үйрету, мәтін бөліктерін көшіруді ауыстыру дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Джигсо», «Өкіл», «Инфо - домино», сәйкестендіру
Күтілетін нәтиже: Ережеге сәйкес мәтін теруді, пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды алмасу буферін пайдаланып экранда мәтінді көшіруді, мәтінді жоюды, мәтін енгізудің тәртібін өзгерте алады.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа қағаздар, компьютер, стикер, бағалау парақшалары
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, оқу – құралдарын тексеру
«Шаттық шеңберін қолдану»
Оқушылар бірі - біріне жақсы тілектерін айтады.
Топқа бөлу
Оқушыларды сандарды санау арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл»
1. Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
2. Мәтіндік редактор деген не?
3. Мәтін элементтерін атаңдар және сипаттаңдар.
4. Мәтіндегі абзацтар бір - бірінен қандай символмен ажыратылады?
5. Мәтіндегі жаңа абзац қалай
«Ой қозғау»
Оқушыларға сұрақ - жауап арқылы жаңа сабаққа назарын аударту

Жаңа сабақ
Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек. Тышқанның көмегімен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады.. тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады. Пернетақтадан ерекшеленген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімдерін бірге басу керек.
Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.
Кейде экранда бірден жолды, абзацты немесе тұтастай мәтінді ерекшелеген ыңғайлы. Бұл жағдайлар үшін арнайы тәсілдер ойластырылған.
Тұтас жолды ерекшелеу. Егер тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шертсеңдер, жол тұтастай ерекшеленеді. Тышқанның сілтемесі бұл жерде ақ стрелка кейпіне енеді.
Егер экранның осы жерінде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертсек, онда тұтас абзац ерекшеленеді.
Тышқанның сол жақ батырмасын үш рет шерту мәтінді тұтастай ерекшелейді.
Мәтінді тұтастай бірден ерекшелеу үшін пернетақтадан бір мезгілде Ctrl пернесімен цифрлық қосымша пернетақтадан «5» санын басуға да болады. Windows операциялық жүйесінде басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарда Delete пернесімен – курсордан оң жақта орналасқан символды, BackSpace пернесімен – курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады. Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бұрын болған символдарды алмасытруға болады. Ол Insert пернесін басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайта басу керек. Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Алмастыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.
«Өзін таңда» ойыны арқылы оқушылар тапсырманы таңдап, орындайды.

Тапсырма 1. «Сәтемір хан» құжатын ашып, көрсетілген тапсырмаларды орындау

Тапсырма 2. Мақалдар файлын ашыңдар:
Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық сөздерді алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар
Мәтіндегі әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Enter, BackSpace, Delete пернелерін қолданыңдар.

Сергіту: Қара жорға биі

Инфо - домино» ойыны
Тапсырма (флипчартта көрсету)
Сәйкестендір (жеке жұмыстанады, сағат тілі бағыты бойынша топта тексеріледі)
Көшіру ----- Ctrl+C
Қию ---------- Ctrl+X
Қою ---------- Ctrl+V
Болдырмау ----- Ctrl+Z
Бәрін ерекшелеу ------ Ctrl+А

Толық нұсқасын жүктеу
4 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтінді теру және түзету ережелері
Мәтінді теру және түзету ережелері
Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру. - АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып,
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелері жайлы түсініктерін кеңейту, берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.
Мәтінді теру ережесі
Мәтінді теру ережесі
WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Информатика және физикадан сабақ топтамасы
Информатика және физикадан сабақ топтамасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. Физика және информатика пәні мұғалімі Жугинисова Айгерим Сагиндиковна
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының "№11 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Информатика мұғалімі Сыдық Жырғау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×