Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Слайдтарды демонстрациялау

06 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Слайдтарды демонстрациялау (10 сынып)

Сабақтың мақсаты:
1. Power Point программасын пайдаланып слайдтарды демонстрациялау.
2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылардың теориялық білім деңгейін көтеру, оны практикамен ұштастыра білу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдісі: Лекция, практикалық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Power Point программасы, мультимедиалық тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Жаңа сабақты бекітуге
практикалық жұмыстар.
5. Оқушылардың сабаққа қатысын бақылау.
6. Қорытынды үйге тапсырма.
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:
1. Показ слайдов - Настройка анимации командасын орындау:

2. Тізімде объектіні таңдау және оның ретімен пайда болу уақытын, түр өзгертуін дыбыстық сүйемелдеуін және тағы сол сияқты анықтау керек.

3. Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау. Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады. Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің таңдалуы Показ слайдов - Смена слайдов командасының көмегімен орындалады. Презентацияның әрбір слайдта экранда белгілі бір уақыты болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады. Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны, слайдтарды сорттаушы режиміне ашу керек, ол жерде әрбір слайд астына оның экранда болу ұзақтығы көрсетіледі.

Слайдтарды көрсетудің үш әдісі бар:
1. Слайдтар толық экранды режимде бейнеленетін, баяндамашымен басқарылатын көрсетуді өткізудің әдеттегі әдісі. Жетекші презентацияны қолмен немесе автоматты режимінде өткізе алады, оны ескертулер немесе әрекетті жазу үшін тоқтата және тіпті презентация кезінде сөздік сүйемелдеуді жаза алады. Бұл режим презентацияны үлкен экранда көрсету, желі арқылы жиналыс өткізу немесе презентацияны трансляциялау үшін ыңғайлы.

2. Пайдаланушымен басқарылатын презентация кішкентай терезеде бейнеленеді, слайдтарды ауыстыру, редакциялау, көшіру және басу командалары бар. Бұл режимде басқа слайдқа өту айналдыру жолының немесе page up="" және page down="" батырмалары көмегімен жасалынады. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін web құралдар панелін шығаруға болады.

3. Автоматты - презентация толығымен автоматты түрде толық экранда өтеді. Бұл режимде көрмелік стендта немесе жиналыста пайдалануға болады. Сонымен қатар көптеген меню мен командаларға тыйым салуға және циклдық көрсету режимін қосуға болады. Әдісті таңдау үшін, Настройка презентации диалогтық терезесінде ауыстырып қосқышты тиісті күйге орнату керек. Слайдтарды көрсету процесін басқару үшін батырмаларын да пайдалануға болады.

Егер әрбір слайдқа бірдей батырмаларды орналастыру керек болса, оларды слайд үлгісінде орналастыру ұсынылады. Кейбір жағдайда пайдалану - шыны слайдтардың тізбекті демонстарциясы қанағаттандырмайды. Иілмелі басқару үшін басқа слайдтарға немесе басқа презентацияларға тармақталу жасауға болады.

Мысалы, фирмадағы маркетинг жоспары туралы презентация жасауға болады, ал онда басқа презентацияға тармақталу, маркетинг бюджетін көрсететін презентация жасауға болады, немесе қандайда бір тақырыпты толық ашатын бірнеше арнайы слайд жасауға болады, содан соң тиісті аудитория жұмыс істей отырып, осы слайдтарға тармақтау жасайды. Тармақтауды дайындауда әдетте басқару батырмалары пайдаланылады. Баяндамашыда әрқашанда слайдты көрсету немесе көрсетпеуді шешу мүмкіндігі бар. Батырманы слайдқа орналастыру үшін, қажет:

1. Показ слайдов - Управляющие кнопки командасын орындап, қажет батырманы көрсету керек.
2. Настройка действия терезесінде Перейти по Гиперссылки тізімінде ұсынылған гиперсілтемені алуға, немесе басқасын беруге болады. Гиперсілтеме ретінде ағымдағы презентациядағы слайд сияқты анықтауға, және басқасына, тіпті URL адреске өтеуге немесе кез келген қосымшаны қосуға болады. Еске сала кететін, таңдалған әрекеттің орындалуын басқарушы батырмада шертіп немесе оған тышқанның нұсқашығын дәлдеп орындауға болады. Егер презентация тармақталу жасалса, онда оның демонстарциясынан кейін бастапқы файлға автоматты түрде қайтарылу болады. Бастапқыға қайту үшін презентация ішінде слайдқа өту кезінде Навигатор слайдов пайдалануға немесе тиісті батырманы жасауға болады. POWER POINT слайдтар демонстрациясын тоқтатуға немесе қайтадан қосуға мүмкіндік береді. Ол үшін слайдтар демонстарциясы кезінде тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, Экран - Пауза немесе завершить показ слайдов таңдау керек.
Слайдтар демонстрациясын өткізу кезінде келесі басқару құралдары мүмкіндігі:
1. Келесі слайдқа өту - тышқанмен шерту PAGE down="" , ENTER батырмасы
2. Алдындағы слайдқа оралу - PAGE up="" пернесін басу.
3. Белгілі бір слайдқа өту - слайдтық нөмірін теріп, ENTER батырмасын басу.
4. Қара экранды жасау, болдырмау -пернесін басу.
Презентация демонстрациясы кезінде экранның сол жақ төменгі бөлігінде басқару командаларын шақыру үшін батырма пайда болады.
Слайдтар навигаторына қатынасу үшін нақты менюде.
Өту жолын таңдау керек:

1. Ақ экранды жасауорындатпау - W пернесін басу.
2. Көрсеткіш түріндегі нұсқағышты көрсетужасыру -пернесін басу.
3. Слайдтарды көрсетуді аяқтау - Esc пернесін басу.
4. Экрандағы суретті көшіру - E пернесін басу.
5. Келесі жасырын слайдқа өту - H пернесін басу.
6. Жаңа уақыттық интервалдар орнату - T пернесін басу.
7. Алғашқы уақыттық интервалдар орнату - O пернесін басу.
8. Тышқанның көмегімен слайдтарды алмастыру - M пернесін басу.
9. Бірінші слайдқа оралу - тышқанның екі батырмасын басып, оларды екі секунд ұстап тұру.
10. Нұсқағышты қаламсапқа ауыстыру -пернелер комбинациясын басу.
11. Қаламсапты нұсқағышқа ауыстыру -пернелер комбинациясын басу.
12. Нұсқағышпен батырманы жасыру -пернелер комбинациясын басу.
13. Контекстік менюді шығару - тышқанның оң жақ батырмасын шерту.
Слайдтар демонстрациясы барысыннда пайдаланушы F1 пернесін басып, басқару құралдарының тізімін көре алады.

Презентация демонстрациялау барысында жазбалар жасау мүмкіндігі беріледі. Ол үшін мына әрекеттерді орындау керек.
1. Тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Записная книжка командасын таңдау.
2. Орындалуы талап етілетін әрекеттер бар қосымша бетті шеріту.
Мысалы: демонстрацияның соңғы слайдында әрекеттерді маркерлеген пунктер түрінде жазу үшін, Действия қосымша бетін таңдау.
3. Қосымша беттегі ақпаратты енгізу.
Сабақты қорытындылау: БҮҮ картасын толтыру.
Сабақты бағалау:
12 069
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
PowerPoint бағдарламасы
PowerPoint бағдарламасы
Білімділік: 1. PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету. 2. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу. 3. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Презентация және Power Point
Презентация және Power Point
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан
Power Point 2000 да слайд-фильмдер жасау
Power Point 2000 да слайд-фильмдер жасау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдыллаева Зауре Жанабаевна
MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау
MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау
Медиева Нургул Кашагановна Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебі
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
Microsoft Power Point программасын қорытындылау
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×