Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Презентация және Power Point

30 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Презентация және Power Point
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Power Point программасында дайындалған презентацияларды безендіруді үйрету;
Дамытушылық:
- Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа көшу тәсілдерімен, мәтін элементтерін безендіру кезінде таным белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік:
- Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, сөзжұмбақ, карточка, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А. Кабинет жағдайы.
В. Оқушыларды түгелдеу.
С. Құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Мұнда өткенді қайталап еске түсіру ретінде «Балдық ойын» ойыны ойналады.
Шарты: мұнда 10, 20, 30 балдық сұрақтар берілген. 10 балл - жеңіл, 20 балл - орташа, 30 балл - ауыр сұрақтар. Жауап бергісі келген оқушы бір сұрақты таңдап жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе сыйлық беріледі.
10 балдық сұрақтар:
Power Point программасын қалай іске қосамыз?
Power Point программасында презентацияны қалай құрамыз?
Бос презентацияны қалай құрамыз?
20 балдық сұрақтар:
Power Point программасында жұмыс істеу режимінің батырмалары терезенің қай жағында орналасқан?
Сақталып қойылған презентацияны қалай ашамыз?
Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
30 баллдық сұрақтар:
1. Автомазмұн шебері қандай қызмет атқарады?
2. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
3. Саймандар тақтасындағы «Вставить» (Қою) батырмасы не үшін қажет?

ІІІ Жаңа сабақ
Презентацияны безендіру мүмкіндіктері
Power Point программасында презентацияны безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффекті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Презентацияны шаблон арқылы және өз қалауымызша слайдтың безендіру элементтерінің түстерін, құю тәсілін таңдай аламыз. Сондай - ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз.
Стандартты саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану батырмасын шертеміз немесе Формат - Безендіруді қолдану командасын орындаймыз. Сұхбат терезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып, қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз.
Слайдтарды безендіру элементтері
• Слайд белгіленуі
• Түрлі - түстер схемасы
• Фон
Құю тәсілдерін таңдау
Слайдтың бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай түстің қанықтылығын өзгертуге және өрнек немесе тестура түрінде түстерді әр түрлі етіп дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерістің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизаиндарды дайындауға болады. Құю тәсілдерін таңдау үшін Форма - Фон командасын орындағанда ашылған тізімнен Құю (Заливка) сұқбат терезесі ашылады.

ІV Жаңа сабақты бекіту
Карточка таратылады.№1
Power Point программасын қалай іске қосамыз?№2
Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?№3
Бос презентацияны құру үшін қандай командаларды орындаймыз?№4
Power Point программасында презентацияны қалай сақтаймыз?№5
Слайдпен жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктері бар?№6

Сөзжұмбақ
1. Файл менюі экранның қай қатарында орналасқан? (тақырып)
2. Бос презентация құру үшін файл менюіндегі қай команданы таңдаймыз? (Құру)
3. Көшірілген объектіні слайдқа қою үшін қандай батырманы басамыз? (Енгізу)
4. Көшіру командасы тақырып қатарындағы қай менюде орналасқан? (Түзету)
5. Power Point программасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін техника? (Компьютер)
6. Слайдтарды безендіру элементі (Фон)
7. Фон командасына тақырыптар қатарындағы қай меню арқылы шығамыз? (Формат)
8. Презентацияның әр слайдын жеке қарауға, өңдеуге мүмкіндік беретін режим (Слайд)
9. Ендірілген объектілерде екінші түс ретінде қолданылатын түс (Ақниет)
10. Құю сұхбат терезесіндегі екінші терезе (Градиентті)
11. Эффект тағайындау үшін қандай команданы орындаймыз? (Анимация қосу)

Тест тапсырмасы
1. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
А) слайдтар құру
В) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару
С) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету
Д) презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм қабыршаққа щығару
2. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
А) картинкалар MS Clip Gallery объектілерін, файлдан - файлға сақталып тұрған басқа программадағы суреттерді
В) бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді
С) MS Word кестесін
Д) сканерден көшірме
3. Слайдтың безендіру элементтерін атаңыз?(қате жауабы көрсетіңіз)
А) Слайд белгіленуі
В) Түрлі – түсті схемасы
С) Фон
Д) Объектілер түсі
4. Бір слайдтан басқасына ауысудың қандай тәсілдері бар?
А) Жалюзи, тік төртбұрыш, дойбылар, ағын
В) Жарып шығу, еру, қара түс арқылы гүлдену
С) Кездейсоқ жолақтар, панорама, бұрыштар ашылу
Д) Пайда болу, кездейсоқ ауысу, ауысу жоқ
5. Анимация эффектілері деген не?
А) мәтін элементтерін жеке – жеке әр түрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау
В) объектінің жеке – жеке элементтерін әр түрлі эффектімен шығару
С) объектінің әр түрлі эффектімен шығатындай параметр тағайындау
Д) слайдтарды тізбектен қатар орналастыру

Ү. Үй жұмысы
Үйге тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмысқа дайындалып келу
ҮІ. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағаланып отырды.
15 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Презентацияны безендіру мүмкіндіктері
Презентацияны безендіру мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Қызылорда облысы, Байкоңыр қаласы, М. О. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×