Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Файлдар, бумалар, жарлықтар

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар, жарлықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды файлдармен, бумалармен және таңбашалармен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Терезе дегеніміз не?
2. Терезе түрлері туралы айтып бер.
3. Терезе элементтерін ата.
4. Активті терезе дегенімізді қалай түсінеміз?
5. Іске қосу батырмасының көмегімен программаны қалай іске қосамыз?
6. Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты қалай ашамыз?
7. Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны қалай іске қосамыз?
8. Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты қалай ашамыз?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файлдар мен бумалар
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows - та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне - клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 - дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін - файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілері болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
- жүйелік бума - каталогтар;
- жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл →Создать→Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - контексті меню пайда болады.
Создать→Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.
Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.
Таңбаша - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.

Бірінші жолы:
• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.

Екінші жолы:
• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.
4. Сабақты бекіту тапсырмалар мен сұрақтар
1. Файл дегеніміз не?
2. Файл типтерін ата.
3. Бума дегеніміз не? Бума түрлерін ата.
4. Компьютерде бума құру әдістерін көрсет.
5. Таңбаша дегеніміз не? Таңбашалардың қызметін ата.
6. Таңбашаны қалай жасайды?

№ 1 тапсырма
Файлдардың дұрыс аттарын таңдандар:
1) Қыс туралы шығарма.
2) 12>13.
3) Еврика!
4) Список 8 «А».

№2 тапсырма
My game атты бумада төмендегі файлдар бар:
Ойын нұсқауы қай файлда жазылуы мүмкін екенің анықта.
1) My_game. exe
2) My_game. txt
3) My_game. bmp
4) My_game. avi
5) My_game. wav
№ 3 тапсырма
Пиктограмма бойынша файлдың типын анықта.

5. Мен сабақ жөнінде не айталамын?
• Нені білдім __________________________
• Немене қызықты болды _________________________
• Неменеге таңғалдым_________________________
• Нені білгін келеді ________________________

6. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар, таңбашалар.
25 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Оқушыларды WINDOWS ортасының объектілері файл, бума және белгішелермен жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту. Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер
Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту.
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Ақпараттарды жазу және оқу
Ақпараттарды жазу және оқу
Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды жазу және оқу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×