Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Файлдар, бумалар, жарлықтар

13 наурыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар, жарлықтар
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар, бумалар, жарлықтар, бумалар иерархиясы анықтамалары мен сипаттамаларына түсінік беру, бумаларды, жарлықтарды құру тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Әр оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, ой - өрісін кеңейтуге, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: тапсырмалары бар карточкалар, интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасы – 5 мин
ІІІ. Жаңа білімді игерту – 33 мин
Ү. Сабақты қорытындылау – 3 мин
ҮI. Оқушыларды бағалау – 2 мин
ҮІІ. Үй тапсырмасы – 1 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы: Ой - қозғау сұрақтары
1. Windows - те қандай терезелер жоқ?
2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
3. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
4. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетілді?
5. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
6. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында?: * / символдарын пайдалануға болмайды.

bmp - Paint графикалық қолданбасының суреті
doc - Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары
txt - Блокнот қолданбасының құжаты
wav - Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы
avi - Бейнеклип
jpg - Фото, сурет
exe - Орындалатын файл

Бума – пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт.
Бумалардың түрлері:
• Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесінде өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе орнын ауыстыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
• Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. Оларға Windows - те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады.
Файлдар, бумалар, жарлықтар жүктеу
1 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді.
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Оқушыларды WINDOWS ортасының объектілері файл, бума және белгішелермен жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту. Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді. Файлдар, бумалар және белгішелерді біледі
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
ШҚО Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі Муратканова Перезат Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×