Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №8
Сақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау сұрақтары
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар
• Компьютер жадысының қандай түрлері бар?
• Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар
• Ақпаратты енгізу - шығару құрылғыларын атаңдар
• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар
• Мониторлардың түрлерін атаңдар
• «Пиксель» деп нені айтады?
• Пернетақтаның кандай блоктары бар?
• Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
Жаңа түсініктер:
WINDOWS - тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
WINDOWS – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі - бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft WINDOWS'98 ортасының ерекшеліктері:
- пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
- көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
- жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
- бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
- көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
- графикалық режімді басым қолдану;
- жергілікті желі және Іnternet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
құралдары;
- мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
- "Рlug and Play" технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS - тің обьектілері - терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлъщтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т. б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық - белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Қапшық - экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.
Қапшық (папка) терезелерінде, оны басқару элементтерінен басқа WINDOWS - тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін мауспен екі рет шерту, оны ашады.
Белгілі бір қолданбаны іске қосатын болсақ, онда экранда сол қолданбаның терезесі пайда болады. Қолданба терезелері қолданбаға жүктелген құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады, сондай - ақ онда терезені басқару элементтері де бар. Белгілі бір қолданбаны іске қосқанда, экранда осы қолданбаның терезесі пайда болады.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір - біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:
1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15 - тен аспайтын тізімі
3. Баптау
4. Іздеу
5. Анықтама
6. Орындау
7. Жүмысты аяқтау
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 3. 1. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары
• WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
• WINDOWS ОЖ қандай обьектілер бар?
• Терзе дегеніміз не, қандай түрлері бар?
• Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
• Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
• Жұмыс столының атқаратын қызметі
• Шартбелгі дегеніміз не?
• Жарлық дегеніміз не?

Үйге тапсырма: 3. 1, 3. 2 тақырыптарды оқу

Толық нұсқасын қарау
2 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгшелерді құру. Атын өзгерту.
Файлдар, бумалар және белгішелерді құруды, атын өзгертуді жетік меңгереді.
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Практикалық жұмыс /Файлдар, бумалар, белгішелер/
Оқушыларды WINDOWS ортасының объектілері файл, бума және белгішелермен жұмыс істей білуге үйрету, меңгерту. Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
Информатика пәні мұғалімі: Тургынбаев М. А.
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Windows’98 – дің операциялық жүйесі
Сатығалиева Роза Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×