Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар

09 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, ойын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, оқулық
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
а) «Қисынды ойлай білейік»
б) «Оқыған жетер мұратқа»
в) «Сыр сандық»
V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау

І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабақта отырайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Смайлик арқылы
1 - смайлик:
Компьютермен жұмыс істеу барысында нысандарға қандай амалдар қолдануға болады?
/Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру/
2 - смайлик:
Шектес емес нысандарды ерекшелеу үшін қай пернені қолданамыз?
/Ctrl пернесін басамыз/
3 - смайлик:
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін қай пернелердің тіркесімдері қолданылады?
/Ctrl + A пернелерінің тіркесімдері қолданылады/
4 - смайлик:
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай екі бұйрық беріледі?
/Көшіру (Копировать) және Кірісітіру (Вставить)/
5 - смайлик:
Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін қандай пернелер тіркесімдерін қолданамыз?
/ctrl + Del пернелер іркесімдерін қолданамыз/
6 - смайлик:
Жойылған нысанды қалпына келтіру үшін қандай бұйрық орындаймыз?
/Қайта қалпына келтіру (Восстановить) бұйрығын орындаймыз/

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
М: Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
О: Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
М: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
О: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
М: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін есімізге түсірейік.
Ақпарат
Сан
Видео
Мәтін
Дыбыс
Графика

Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 944
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Ақпарат тасымалдаушылар
Ақпарат тасымалдаушылар
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Лайла Маркашовна
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Информатикадан 11 сыныпқа қысқа мерзімді жоспарлау
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×