Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпарат тасымалдаушылар

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат тасымалдаушылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, қатқыл диск, иілгіш және компакт дискілер, Flesh - жадының жұмыстарымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, жұмыс дәптері, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Топқа бөлу
І топ «Файлдар»
ІІ топ «Бумалар»

А) сәйкестендіру тесті
Б) Техникалық диктант
В) Миға шабуыл
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа сабақ
Ақпарат тасымалдаушылар
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл - бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт - диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті - оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК - де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті - оптикалық және оптикалық жазу - оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард - диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт - дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад — бұл компьютерді өшірігеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетінде қабыршық түрінде магниттік қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тік төртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу - оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бас тиектің жылжитын орны пластмасса қабықша ашық болады. Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар - ол диаметрі 3, 5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 761
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Файлдар, бумалар, жарлықтар
Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталатын арнайы жүйенің көмегімен қамтамасыз етіледі. Файлдық жүйенің негізгі нысандары файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файлдардың түрлері
Файлдардың түрлері
Осыған дейін, біз мәліметтерді пернетақтадан енгізіп, оларды экранға шығардық, программа жұмысы кезінде олар компьютердің оперативті жадында сақталатын да, есептеулер біткеннен кейін бұл мәліметтер жоғалып кететін.
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Информатикадан күнтізбелік жоспар 6-8 сыныптар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Компьютердің сыртқы жады
Компьютердің сыртқы жады
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×