Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

29 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сілтеме: Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов
Жалпы мақсаты: Ақпарат саны түсінінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін түсіндіру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижелері - Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;
- Оқушылардың өзін және бірін - бірі бағалауға дағдыландыру;
- Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы
информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;
Түйінді идеялар: Компьютерде ақпарат өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу, ақпараттың өлшем бірліктерін, ақпарат беру жылдамдығын өлшеу бірліктерін үйренеді
Күтілетін нәтиже: Мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйренеді. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Практиклық білімі
• Информатикалық терминді пайдалану

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Өткен тақырыпты пысықтау «Ақпаратты өңдеу тәсілдері»тақырыбы
бойынша еркін конструктивті типтегі тест
жұмысын орындау үшін бос орындарға
қажетті сөздерді жазу:
1. Ақпаратты сақтау үрдісін көрсет?
а) теледидар көру
в) Дәптерге жазу
с) Кітап оқу
д) телефонмен сөйлесу
2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты?
а) ақпаратты өңдеу
в) ақпаратты сақтау
с) ақпаратты жеткізу
д) ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу
3. Ақпаратты іздеуге не жатады?
а) электронды поштамен ақпарат алу
в) компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу
с) кітап мазмұнымен жұмыс істеу
д) мәтіндерді басқа тілге аудару
4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үрдіс:
а) кітапханадан кітап іздеу
в) телефон арөылы сөйлесу
с) музыка тыңдау
д) табиғат құбылысын бақылау
5. Ақпарат алу ол -...
а) үй жұмысын орындау
в) ағаш көшеттерін отырғызу
с) музыка тыңдау
д) математикадан есеп шығару
6. Адам үшін ұялы телефон - ол:
а) ақпарат көзі
в) ақпарат қабылдаушы
с) ақпарат өңдеу құралы
д) байланыс құралы
7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үрдіс?
а) ақпаратты тасымалдау
в) ақпаратты іздеу
с) ақпаратты өңдеу
д) ақпаратты сақтау
Білу
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.
Оқушының іс - әрекеті
А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.
ТҮСІНУ
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.
ҚОЛДАНУ
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар.
І топ:
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығу. Пуск - компьютер таңдаймыз. Терезенің свойствосын қарап шығамыз. Дискіде толған және бос орындардың көлеімін салыстыру
ІІ топ:
Компьютерде документы бумасын ашып, 1 гб көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтау
ІІІ топ:
«Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріп, қанша символ бар екенін анықтаңдар.
ТАЛДАУ
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1) Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.
2) Байт кб - тан, кб мб - тан, мб гб - тан қанша шамаға кем?
3) 1 байтта неше бит бар?
4) «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемді ақпарат бар?
5) "Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!" хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер
ЖИНАҚТАУ
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету
Тест:
1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
а) әріптер
в) мәтіндер
с) сандар
д) нөл мен бірлер
2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
а) бит
в) байт
с) 1 д) әріп
3. Бір байт ол -.....
а) 10 бит
в) 16 бит
с) 8 бит
д) 4 бит
4. Бір символдық мәтін әдетте.... кодталады:
а) 1 битпен
в) 1 байтпен
с) әріппен
д) он битпен

БББ кестесін тарату
Бағалау: Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Қорытынды баға шығару
Үйге тапсырма беру «Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері» тақырыбына дайындалып келу. Қосымша тапсырма: Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?
Оқушының іс - әрекетіҮй тапсырмасын дәптерге, күнделікке жазып алу.
Рефлекция / 1 минут
1. Мен бүгінгі сабақта не білдім.......
2. Маған қызықты болды........
3. Маған қиындық тудырған.......
4. Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын
9 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
5 сынып Ақпараттың өлшеу бірліктері
5 сынып Ақпараттың өлшеу бірліктері
Сабақтың мақсаты: 1. Ақпараттың өлшеу бірліктерін білу 2. Ақпараттың өлшеу бірліктерін бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айландыру. 3. Ақпаратты тасымалдау құралдарының сыйымдылығын анықтау.
Ақпараттың өлшем бірліктері
Ақпараттың өлшем бірліктері
Тілдік мақсаттар: Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады. Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Ақпарат, бит, байт, ақпараттың өлшем бірліктері, килобайт, мегабайт, терабайт. Пәнге тән лексика мен терминология: Ақпарат,
Ақпараттар өлшем бірліктері
Ақпараттар өлшем бірліктері
Ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа ақпаратқа аударуды жүзеге асыру
Файлдардың көлемі
Файлдардың көлемі
Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару.
Файлдардың көлемі
Файлдардың көлемі
Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Әртүрлі пішімдегі мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару.
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×