Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды

21 желтоқсан 2021, Сейсенбі
Категориясы: Білім
Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды
Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық болып отыр. Жанат Назарбаев Университетінің (НУ) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде робот техникасы саласында PhD дәрежесін алуда.
Microsoft Research PhD стипендиясы – компьютерлік зерттеулер саласындағы айрықша таланттарды анықтап, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін жаһандық бағдарлама. Microsoft корпорациясы барынша мықты әрі инклюзивті зерттеу қоғамдастығын құру үшін, есептеу техникасымен байланысты салаларда ғылыми дәрежелерді алатын талантты мамандар шеңберін кеңейтуге ұмтылады.
Жанат өз зерттеулерін НУ - дің ARMS және ISSAI зертханаларында жүргізеді. Оның жұмысы адамның жадысын және толықтырылған шынайылық (AR) пен жасанды интеллекттің көмегімен қабылдауды жақсартуға бағытталған. Бұл зерттеудің нәтижелері адамдарға, әсіресе деменциядан немесе Альцгеймер ауруынан зардап шегетін пациенттерге көмек көрсету жүйелерінде орасан зор жақсаруларға жеткізуі мүмкін.
«Microsoft стипендиясы менің зерттеуші ретінде кәсіби дамуымды айтарлықтай жоғарылатады. Бұл маған басқалардан үйренуге және өз зерттеулеріммен халықаралық ғылыми қоғамдастықпен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы кәсіби зерттеу ортасының, НУ - дегі тәлімгерлік пен білімнің арқасында мүмкін болды», – дейді Жанат Махатаева.
Қазіргі уақытта Жанат Microsoft HoloLens - ті пайдалана отырып жадыны арттыру жүйесін әзірлеу үстінде, мұнда ол нысандарды тану және пайдаланушылардың AR ортасындағы орнын айқындау үшін компьютерлік көру алгоритмдерін пайдаланады. Жанат Microsoft - тің қолдауымен өз зерттеулерінің аясын кеңейтіп, қабылдаумен байланысты когнитивтік бұзылыстардан зардап шегетін адамдарға арналған қосалқы жүйелерді әзірлеуді көздеп отыр.
«Microsoft үшін талантты мамандарды қолдау өте маңызды, және біз Қазақстаннан шыққан, денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді жүргізетін тұңғыш стипендиатымызды қуана құттықтаймыз. Бұл бағыт корпорация үшін стратегиялық маңызды болып табылады, Microsoft - тағы адамдардың пайдасына жарайтын терең өзгерістер бізге шабыт береді. Қазір бәрі медициналық қызметтерге барынша дербестендірілген және ашық тәсілдерді іздейді, және технологиялық түрленулер пациенттермен өзара әрекеттестіктің заманауи құралдарын жасауға көмектеседі, олар пациенттердің тартылуын, қанағаттануын және әл - ауқатын, сондай - ақ сәтті емделу мүмкіндіктерін жоғарылатады. Адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартатын осындай аса маңызды әрі жаһандық процестің бір бөлігі болу – біз үшін үлкен құрмет», - деп атап өтті Microsoft - тің Қазақстандағы өңірлік менеджері Сергей Лещенко.
Соңғы екі онжылдықтың ішінде Microsoft Research PhD стипендиялары бағдарламасы дүние жүзі бойынша 700 - ден астам стипендиатты қолдады, олардың көпшілігі Microsoft компаниясының қызметкерлеріне айналды.
Жанат Махатаева жұмыс жасайтын Microsoft HoloLens - тен бөлек, компанияның медицина саласын түрлендіруге жәрдемдесетін инновациялық шешімдер портфеліне Microsoft 365, Microsoft Healthcare Bot және FHIR - ге арналған Azure API сияқты құралдар да кіретінін атап өту керек. Медицина ұйымдарына арналған Microsoft 365 медициналық бригадаларға қауіпсіз командалық жұмыс орталығы арқылы қарым - қатынас жасауға, соның нәтижесінде, медициналық көмектің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Microsoft Healthcare Bot сервисі, ұйымдарға сан алуан медициналық міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект негізінде виртуалдық көмекшілер мен чат - боттарды жасауға көмектеседі. Ал FHIR - ге арналған Azure API медициналық жүйелерге өзара әрекеттестікте болуға және бұлтта деректермен жедел, қауіпсіз алмасуға мүмкіндік береді және пациенттердің медициналық деректерінің сенімді түрде сақталуының жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Осы шешімдердің барлығы пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартуға көмектеседі, сондай - ақ әртүрлі мамандардың бірлескен жұмысын жеңілдетеді, виртуалдық қабылдаулардың көмегімен қызмет көрсету сапасын жоғарылатады және шашыраңқы жұмыс процестерін оңтайландыру есебінен шығыстарды қысқартады.
1 866
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Казахстанский научный сотрудник Назарбаев Университета стал обладателем стипендии Microsoft Research PhD Fellowship
Казахстанский научный сотрудник Назарбаев Университета стал обладателем стипендии Microsoft Research PhD Fellowship
Жанат Махатаева, научный сотрудник Института умных систем и искусственного интеллекта (ISSAI), стала первой казахстанкой, удостоенной стипендии Microsoft Research PhD Fellowship.
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
2021 жылғы 2 6 ақпан, Алматы қ. - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.