Президенттің тапсырмаларын орындау туралы
Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Үкімет алдында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді.
Біздің министрлік алдына сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер қойылды.
Біз осы тапсырмаларды орындауға кірістік, бұл туралы өткен Үкімет отырысында баяндадым.
Қысқаша тоқталып өтейін.
Президенттің тапсырмасына сәйкес қызметтерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуы үшін гранттар беру жөніндегі норманы қабылдау жоспарлануда.
Мемлекет тарапынан мұндай қолдау қажетті шара болып табылатынына сенімдімін. Жақында болған қайғылы оқиғалар кезінде біз олардың ерлігінің куәсі болдық, азаматтарды өз өмірлерін аямай қорғады.
Кадр тапшылығы байқалатын және білім сапасында үлкен алшақтық бар өңірлерге үздік педагогтерді тартуға қатысты айтатын болсам.
Президенттің тапсырмасы бойынша біз қолдау шараларының тиісті пакетімен осы өңірлерге үздік педагогтерді тарту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеп жатырмыз.
Педагогтердің осы салаларда жұмыс істеуіне мүдделі болуы үшін біз жалақының арттыру коэффициентін белгілеу, тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалға алу құнын өтеу, коммуналдық қызметтерді төлеу өтемақысы және т. б. осы сияқты әлеуметтік қолдау шараларын ұсынамыз.
Мұндай әлеуметтік пакет арнайы рәсімнен өтіп, белгілі бір өлшемдерге сәйкес келетін және белгілі бір мектептерге жұмысқа ауысатын мұғалімдерге беріледі. Нақты іске асыратын кейбір тетіктерін әлі де талқылыйтын боламыз.
Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмалары жоғары білім беруді дамытуға қатысты болды.
Тағы бір бағыт – 5 шетелдік ЖОО филиалдарын ашу. Бұл шара отандық университеттер арасында бәсекелестікті арттыруға да мүмкіндік береді.
Біз осы бағыттағы жұмысқа кіріскенімізді атап өткім келеді.
2021 жылдың қыркүйегінде Де Монтфорт Лестер Британ университетінің (De Montfort University Leicester) филиалы ашылды.
Сонымен қатар, Қозыбаев атындағы университетті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталуда.
Еліміздің батыс өңірлеріндегі жастардың жоғары білімге қол жеткізуін арттыру үшін онда екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатын болады.
Сондай - ақ, Президенттің тапсырмасына сәйкес Ресейдің үздік техникалық университетінің филиалын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Басқа да әлемдік деңгейдегі университеттердің филиалдарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сондай - ақ, білім беру сапасында үлкен алшақтығы бар өңірлерден оқуға түсушілер үшін техникалық дайындық бағыттары бойынша қосымша гранттар бөлу жоспарлануда.
Аталған мақсатты гранттар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін бөлінетін болады. Бұл ретте негізгі тұрғылықты жері бойынша бітірушілердің жұмыспен қамтуды шарттардың бірі ретінде бекіту ұсынылады.
Ағымдағы жылдың өзінде техникалық дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін гранттар саны айтарлықтай өсетін болады.

Президенттің тапсырмаларын орындау туралы президент тапсырмасы Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев Асхат Аймағамбетов
Оқи отырыңыз
Педагог тапшы өңірлерге барған мамандарға пәтер жалдау және коммуналдық шығындар бойынша өтем беріледі
Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффицент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда», - деді Асхат Аймағамбетов.
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.