Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді

25 тамыз 2023, Жұма
Категориясы: Білім
Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестациялау үдерісін жетілдірді. Мұғалімдердің біліктілігін бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

«Ұлттық платформа негізінде аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Сонымен бірге, педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу, портфолио алып тасталынды. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пән бойынша ғана тестілеуден өтеді. Педагог-зерттеуші мен педагог-шебердің біліктілік санатын растау алып тасталынды, дегенмен  Ұлттық платформа арқылы бақыланатын болады», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, кәсіби қызметке алғаш рет кірісетін немесе жұмыс өтілінен үзіліс алған педагогика мамандығының түлектері педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау бойынша тестілеуден өтеді. Педагогтерді марапаттау тетігі өзгереді. Енді мұғалімдерге марапаттар олардың оқушыларының жетістіктеріне сәйкес табысталып және соған байланысты біліктілік санаты анықталады. Бұл зейнеткерлік жастағы мұғалімдерге де қатысты.

Бұдан басқа, Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы педагогтерді жұмысқа қабылдау рәсімін толық автоматтандыру жоспарлануда.
2 210
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады
2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады
ҚР Оқу - ағарту министрлігі апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептердің мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2023 - 2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда.
Алдағы оқу жылы 34 аптаға созылады.
Алдағы оқу жылы 34 аптаға созылады.
Алдағы оқу жылы 34 аптаға созылады. Қазақстанда оқу жылының бұрынғы ұзақтығы – 34 апта қайтарылды, деп хабарлады Премьер - Министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда екі аптаға
2023 жылдан Қазақстанда қандай өзгерістер күтіп тұр?
2023 жылдан Қазақстанда қандай өзгерістер күтіп тұр?
1 қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Бұл бірінші кезекте балабақша тәрбиешілеріне, мектеп және колледж педагогтарына, сондай - ақ қосымша білім беру жүйесінің мамандарына қатысты.
Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күнге көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады
Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күнге көшеді, сенбі мұғалімдер үшін демалыс күн болады
«Келесі оқу жылынан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс кестесіне көшуі тиіс. Бұл тек кем дегенде 1, 5 млн мектеп оқушысы үшін қосымша 36 күн демалыс ғана емес.
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі
Осыған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялағанмын. Ондағы талаптардың бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту.
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.