Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады

25 тамыз 2023, Жұма
Категориясы: Білім
2023 - 2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады
ҚР Оқу - ағарту министрлігі апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептердің мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 2023 - 2024 оқу жылында 132 мың орындық 154 жаңа мектепті іске қосу жоспарлануда.
1 қыркүйекке дейін 194 орта білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 65, 6 мың орындық 52 мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 66, 4 мың орындық тағы 102 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешеді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды, оның аясында 740 мың оқушы орынға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай - ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.
Айта кетеміз, мемлекет жыл сайын мектептерді салу мен жаңғыртуға қаржы бөледі. Тек соңғы үш жылда 340 мың орындық 626 мектеп пайдалануға берілді.
2 355
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді
Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді аттестациялау үдерісін жетілдірді. Мұғалімдердің біліктілігін бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылынан бастап күшіне енеді.
Барлығы да студенттер игілігі үшін
Барлығы да студенттер игілігі үшін
Өткен жылдың 8 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаевтың студент жастармен кездесуінде білім алушылар өмірінде қордаланып қалған көптеген түйінді мәселелер көтерілген
2023 жылдан Қазақстанда қандай өзгерістер күтіп тұр?
2023 жылдан Қазақстанда қандай өзгерістер күтіп тұр?
1 қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Бұл бірінші кезекте балабақша тәрбиешілеріне, мектеп және колледж педагогтарына, сондай - ақ қосымша білім беру жүйесінің мамандарына қатысты.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы
Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.