Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақстандық суретші Ғани Көбейдің туындылары СДУ - ға тарту етілді

31 қаңтар 2021, Жексенбі
Категориясы: Қоғам
Қазақстандық суретші Ғани Көбейдің туындылары СДУ - ға тарту етілді
Қазақстандық жас суретші Ғани Көбей Сулейман Демирель атындағы университеттің коллекциясына авторлық суреттер топтамасын сыйға тартты. 150 - ге тарта өнер туындыларының авторы, 26 жастағы қылқалам шебері әлемдегі ең жұмбақ тұлға – бет - әлпетіне назар аудартпай, көрерменді өз шығармашылығынан эстетикалық ләззат алуға шақырады. Суретшінің басты ерекшілігі - жаңа ою - арт жанрында әрі ұлттық нақышта тарихы тереңде жатқан ою - өрнектерді бейнелеу. Сондықтан оның бірқатар жұмыстары "Жансарай айналары" деп аталады. Автордың пікірінше, суреттерге қарап, әркім өз жанының түкпіріне үңіліп, жанға тыныштық ұялатады. Бүгінгі таңда жас суретші өз композицияық туындыларын Нью - Йорк, Сеул, Лондон қалаларындағы көрмелерге шығарып, АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің жетекші галереяларымен серіктестік құрып үлгерген. Оқу орнына суретшінің картиналар топтамасын Ait Gallery заманауи өнер галереясының негізін қалаушы, СДУ түлегі - Кенжебек Айтқожин ұсынды.
СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев университеттің Арт - бұрышының салтанатты түрде тұсауын кесіп, жоба ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
- Білім ордасының қарқынды дамуына әрдайым үлес қосуға дайын жүреін талантты түлектеріміздің игі істері біз үшін үлкен мәртебе. Ұлттық мәдениетті тек елде ғана емес, шетелдерде де кеңінен насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан орасан зор жұмыс үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл картиналар біздің студенттер үшін баға жетпес рухани мұра және ерекше шабыт көзіне айналарына сенімдімін, - деп атап өтті СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев.
Айта кетейік, Аit gallery заманауи өнер галереясы қазақстандық өнерді насихаттау мақсатында 2019 жылдың наурыз айында ашылды. Оның негізін қалаушы СДУ бизнес мектебінің түлегі Кенжебек Айтқожин еліміздің Алматы, Нұр - Сұлтан және Атырау сияқты ірі қалаларында көрмелер өткізіп үлгерді. Кенжебектің айтуынша, қазақстандық авторлардың картиналары Еуропа мен АҚШ көрермендері арасында ерекше табысқа ие.
- Автордың стиліне сәйкес, әр шығарма белгілі бір музыканың сүйемелдеуі арқылы қарастырылады, нәтижесінде көрермен күшті эмоциялық күйге енеді. Бұл бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыт. Суретші шығармашылығының іргетасы ою - өрнектерден қаланған, олардың әрқайсысының өз тарихы мен терең мағынасы бар. Біздің мүддеміз - өскелең ұрпақ арасында да, халықаралық аренада да ұлттық мәдениетті кеңінен танымал ету, - деп түйіндеді Кенжебек Айтқожин.
Сулейман Демирель университеті суретшілермен ынтымақтастық орнатуға және өз коллекциясына өнер туындыларын қабылдауға әрайым ашық.
758
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Картины казахстанского художника Гани Кобея презентованы в СДУ
Картины казахстанского художника Гани Кобея презентованы в СДУ
Молодой казахстанский художник Гани Кобей преподнес в дар серию авторских картин в коллекцию Университета имени Сулеймана Демиреля.
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Кемел білім биігіне талпыну
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.