Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасы

18 қазан 2019, Жұма
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфулиннің «Көкшетеу» поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақынның өмірімен таныстыру. Өлеңдерін жатқа айтқызу.
Көкшетау поэмасының мазмұнымен таныстыра отырып, кейіпкерлеріне талдау жасау.
2. Шығарманың мазмұнына сүйене отырып, оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдысын дамыту.
3. Халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, отанын сүйетін азамат болып өсуіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: слайд, Венн диаграммасы, суреттер
Сабақтың құрылымы.

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы (ойлан, жұптас, топтас әдісі бойынша)
3. Жаңа сабақ
4. Жұлдыздар әлемі (сұрақ - жауап бойынша)
5. Салыстыру стратегиясы
6. Қорытынды
7. Үйге тапсырма
8. Оқушыны бағалау

Сәкен кім?

Ұстаз
ақын
сазгер
Редактор
Қоғам қайраткері
Зерттеуші

Ойлан, жұптас, топтастыру әдісі бойынша сұрақтар
1. Ақын жалған және адал достықтың айырмасын қалай суреттеген?
2. Ішкі сырын ақтаратын жан іздейді.
3. Өз жанының ішкі нәзік сезімін неге балайды?
4. Ақын сырын ұғу үшін сезім қоймасынан нені қалай іздеу керек дейді?

Жаңа сабақ
Табиғат - Поэзияның қайнар көзі дегеніміз. Ендеше Көкшетау отан, туған жер туралы поэма. Онда тарихи оқиғалар айтылған.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп - кетіп есен – сауын.
Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.

Жеке батыр.
Болыпты баяғыда Жеке батыр,
Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.
Бір күні қарауылда қалғып кетіп,
Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.
Бурабай
Мөп - мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайыңмнен қалың жыныс
Оқжетпес
Басына атсаң – дағы оғы жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес.
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шыңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Жұмбақтас
Батырлар айнала тұр тас қасында,
Алғандай бір - бір сұлу бас - басына.
Бәйгеге бірі қалмай түспек дағы
Абылай бәсекенің бас қасында.

«Көкшетау» поэмасы бойынша жұлдыздар әлемі:
1.«Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылды? 1928ж
2. Ол қандай поэма? Көкшетау - туған жер, оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма.
3. Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін кім тауып оқиды?
Сүп - сүйір бейне найза шың құз биік
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп
Қарасаң етегінен шың басына
Тақияң жерге түсер тұрған киіп
4. Портрет дегеніміз не? Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кейпін, жүріс - тұрысын суреттеуді портрет дейміз.
5. Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай? Сұлу, ақылды, мінезді, адамгершілігі мол, сүйіспеншілігі тұрақты, байсалды, тапқыр.
6. Адақты поэмада қалай суреттейді?
Қарасұр ұзын бойлы емес талпақ,
Денесі көк құрыштай өрдей шалқақ.
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты,
Қақпақтай қобы жауырын топшы жалпақ.

Сабақты қорыту.
Мұнда ерлік, сүйіспеншілік, батырлық, шексіз махаббат, жастық жалын, адамгершілік қасиет барлығы айтылған. Олай болса сабақты төмендегі кесте бойынша қорытамыз.
Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
Ақынның өлеңін, поэмаларын, әңгімелерін білемін Көше қаласын барып көргім келеді. Бурабай көліне түскім келеді. Адамгершілік асыл қасиетті үйрендім. Сүйіспеншілік тапқырлықты үйрендім.

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
«Көкшетау» туралы шығарма жазу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы,
"Кемербастау" жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Жуасова Нұржамал Кауысовна
43 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы»
Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы»
Сәкен Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. Поэмадағы негізгі идеяны түсіндіру. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Тірек кестелерге сүйене отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
Батыр Баян поэмасы
Батыр Баян поэмасы
«Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту; Оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сам орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегендикова Жазира
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Жансүгіров «Көкшетау», «Құлагер» поэмасы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×