Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) С. Сейфуллиннің өмір жолын, шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту, «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеялық көркемдік ерекшелігін таныту;
ә) адамгершілік қасиеттерге баулу, үлгі - өнеге ету;
б) шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті, шығармалар жинағы т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Оқушылар, біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.

Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін
Топтастыру стратегиясы:
Сәкен
Ақын, жазушы,
ұстаз, драмашы,
зерттеуші, қоғам қайраткері

Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1 - 2, 3 - 4, 5 - 7, 8 - 11, 12 - 19, 20 - 21 шумақтары)

1 - топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шырқ айналып, қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос.
2 - топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін - бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі - берік қойма. Оны ақтаруға кез - келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.
3 - топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.
4 - топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулы орманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме - досының жан дүниесі.
5 - топтың жауабы. – Сол тауда биік шың бар, шың басында қойма бар, онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі.
6 - топтың жауабы. – Адамның жүрегі - алтын қойма, оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол - шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.
Өлең 21 шумақтан, 7 - 8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым! – деп, Сәкен өмір қызығы – достықта, достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! – деп тілеген екен. Менің де тілегім - сендерге осы достық,- деп сабақты қорытындылаймын.
«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
4. Досыңның кім екенін ата - анаң білуге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу.
19 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Далада» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі идея - оқу - білімге шақыру, болашақ жастарға деген сенім мәселесін көтеру.
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Сәкен Сейфуллин «Тұлпарым»
Ақтөбе обылысы Алға ауданы Жерұйық негізгі мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тлеуова Акнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×