Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыр Баян поэмасы

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
С. Сейфуллин атындағы
№165 мектептің мұғалімі
Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақ тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы
Жалпы мақсат: а) Білімділік: «Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның үздік туындысы «Батыр Баян» поэмасы арқылы мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа тыңдату
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пай - далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс - әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылар назарына «Көңілді күн» видеоролигін ұсынылады.

Қызығушылықты ояту
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

І Оқушы деңгейі.
1. Мағжан Жұмабаев кім?
2. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. «Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы.
4. «Батыр Баян» поэмасының м азмұны
5. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға сені қандай іс - әрекетімен ойландырады?
6. «Батыр Баян» поэмасына сенің өз көзқарасың? (пікірлерін айту)

ІІ. Алгоритмдік саты
Кейіпкерлер жүйесіне талдау
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.

ІІІ. Эвристикалық саты
Композициялық құрылысы.
1. Кіріспе - экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
2. Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
3. Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
4. Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
5. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
6. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
7. Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
8. Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
2. Венн диаграммасы - Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Толық нұсқасын жүктеу
27 054
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Осы шақ, нақ осы шақ
Осы шақ, нақ осы шақ
Ойлау, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі
Батыр Баян поэмасымен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, баға беру;
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін кеңейту. Поэманы жан-жақты талдау, тарихи мәліметтер беру. Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу.
Батыр Баян поэмасы (қорытынды сабақ)
Батыр Баян поэмасы (қорытынды сабақ)
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Щапов ЖОББМ Б. Тлеккабулова
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы мен Гогольдің «Тарас Бульба» повесінің үндестігі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×