Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыров, "Бір адамға"

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров « Бір адамға» өлеңі
Сабақтың мақсаты: дамытушылық - ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқуға төселдіру, астарлы мағынасын ашу;
тәрбиелілік - өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
дамытушылық - түйінді ой айтуға, ойды қорытып жеке пікір айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу;
Сабақ түрі: ізденіс, ұжымдық, шығармашылық сабақ.
Сабақ көрнекілігі: Интертақта, постер, құмсағат, слайдтар.
Сабақ барысы: 1Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушы назарын сабаққа аудару
1. Үй тапсырмасын сұрау 1 - слайд
А. Байтұрсынұлы «Екі шыбын» өлеңін жатқа сұрау

2 Жаңа сабақ
3. Іздену бағыты бойынша жиналған деректер
(Тақтадағы суретке назар аударту) 2 - слайд
4. Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазғызу 3 - слайд
5. Ақын өмірі шығармашылығына тоқталу (электронды оқулық)
Өлеңнің шығу тарихы 6 - слайд
- 1914 жылы қазақ жастарын оқу білімге шақыру мақсатында «Шоң» серіктестігін құру үшін Павлодар маңына қоныстанған Шорман ауылына түседі. Сол кезде ата - тегінің патша әулетінен алған шен - шекпендерін көрсетіп халықтың көз жасымен жинаған қазына – мүлкін көрсетіп мақтанады. Мұны жақтырмаған Сұлтанмахмұт осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады.
7. Мұса Байжанұлының»Ақсиса» әнін тыңдату арқылы Шорман әулетінің озбырлығын аша түсу
7 - слайд
8. Ақынның тегін таратып айта отырып Шорман әулетімен немере туыс екеніне назар аударту
Шоң, Шорман едік,
Бір - бірімізге қорған едік.
Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары
Бұтағына келіп қонған едік.

8 - слайд
9. Мәтінмен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу
Өлеңге неше адам қатысып отыр?
Шал сөзі кімнің атынан баяндалып отыр?
Сондай - ақ ақынның ішкі ойы, монологы берілген
Өлең қандай адамға арналған?
Өлеңнің мазмұны - ел ішінде бір адамның басқаларға істеген озбырлығы, қиянаты батыл әшкере етілген.
Өлеңнің идеясы - автор адалдыққа, еңбексүйгіштікке, адал жолмен нәсіп қылуға шақырады.
Ирония -
Сатира -
Сөздікпен жұмыс
9 - слайд
10Топпен жұмыс
1. Рафт
2. Сурет бойынша
Оқушы өз оқығанын постерге бейнелеу
3. Сатылай комплексті талдау
4 Үш топқа ортақ тапсырма - сэнкуейн әдісі
11. Бекіту (ортадағы қаламсап)
12. Үйге тапсырма
«Бір адамға»өлеңін жаттау
ХХ ғасыр ақынына айтарым бар. (ой - толғау)
Бағалау
Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
- жақсы балалар, Абай ұстанымын ұстап, бүкіл қазақ жастарын оқу білімге шақырған С. Торайғыров өмірін, шығармаларын бір сағатқа сыйдыра алмасақ та, бір ғасырдың негізгі шындығын бір өлеңге сыйдырған, өмірден өте ерте кеткен талантты ақын шығармасының бір парағын ашқандай болдық...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
С. Торайғыров Шәкірт ойы (күнделікті сабақ жоспары)
С. Торайғыров Шәкірт ойы (күнделікті сабақ жоспары)
Шәкірт ойы өлеңін оқытып, мағынасын ашу, талдату; өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Туған еліме. Туған жер
Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арманым»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арманым»
Павлодар қаласы, Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Минап Гүлбарша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×