Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Торайғыров Шәкірт ойы (күнделікті сабақ жоспары)

30 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
36. С. Торайғыров (1893 - 1920)
37. С. Торайғыров «Шәкірт ойы»
38. С. Торайғыров «Бір адамға»
39. Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»
40. М. Жұмабаев «Сүйемін»


Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров «Шәкірт ойы»
Сабақтың мақсаты:
а) «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасын ашу, талдату;
ә) өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) өлең арқылы оқу білімге үндеу, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, топтастыру т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, электронды оқулық т. б
Пәнаралық байланыс: тарих, астрономия

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Сұлтанмахмұттың шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.
1. Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.
2. Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.
3. Өзенде жүзіп келесіздер.
4. Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға Қазақстан бейнелеген карта шығады).
5. Не көрдіңіздер?
- Қазақ елін.
- Баянауыл аймағын.
- Сұлтанмахмұт Торайғыровты.
Тапсырма. Ақынға арнау
Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.
арнаған
бар адам.
.................
тараған.
Бүгінгі танысатынымыз С. Торайғыровтың келесі шығармасы –«Шәкірт ойы»
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
3. Астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді. (электронды оқулық)
4. Топтастыру.
Шәкірт

Ілім - білімге құштар
Еліне адал қызмет еткісі келеді.
Қараңғылықтан құтқаратын
Күн болуды армандайды
Надандықпен күреседі

5. «Менің ойым», ой түйін жасау.
6. Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

7. Өлең құрылысына талдау
Қараңғы қазақ //көгіне// а
Өрмелеп шығып //күн болам!// б
Қараңғылықтың// кегіне// а
Күн болмағанда,//кім болам?// б
Мұздаған //елдің жүрегін // в
Жылытуға //мен кірермін!// в
3 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды кезектес, шалыс ұйқас.
Бекіту
«Менің арманым», пікірлесу.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау
2. Өлең құрылысына талдау
3. «Орны отайып көгерді, Ақын арманын ел көрді» тақырыбында шығарма жазу.
Қорытынды.
Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле - біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
5 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Күнделікті сабақ жоспарлары. Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау; өлеңнің, сөздің астарына, қыр - сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
Ілияс Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
С. Торайғыров «Шәкірт ойы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
С. Торайғыров «Шәкірт ойы» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Қазақ әдебиетінен 7 сыныпқа күнделікті сабақтар топтамасы
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы»
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Ж. Каденова
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×