Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұлақ көрсең көзін аш

12 сәуір 2014, Сенбі
«Бұлақ көрсең – көзін аш»
«Ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 6 жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт - санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі - деп М. Шаханов ағамыз айтпақшы, адам баласының өміріндегі қасиетті төрт ананың бірі болып табылатын қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманында тұспа - тұс келген біздің шәкірттеріміздің бойында ұлттық рухымызды сіңіріп, тілі мен дінін, берік ұстанған ұрпақ оқыту, тәрбиелеу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің мойнына жүктелетін міндет зор. Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым - өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
39 873
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
22 қыркүйек тілдер күні сценарий (Тілім менің - тірлігімнің тірегі)
Тілім менің - тірлігім, Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін? Тіл жайында үгіттейді кімді - кім? Тілім менің, тілім менің - тірлігім!
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №185 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайырқұлов Алмат
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Тілім менің-тірлігімнің тірегі
Тілім менің-тірлігімнің тірегі
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×